Мектептің оқу-әдістемелік жұмысының І тоқсан бойынша талдауы 2021-2022оқу жылы » Тоқжайлау орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тоқжайлау орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектептің оқу-әдістемелік жұмысының І тоқсан бойынша талдауы 2021-2022оқу жылы
13
ноябрь
2021

Мектептің оқу-әдістемелік жұмысының І тоқсан бойынша талдауы 2021-2022оқу жылы

Мектептің оқу-әдістемелік жұмысының І тоқсан бойынша талдауы
2021-2022оқу жылы

Әдістемелік жұмыс–бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан - жақты арттыруға бағытталған шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу - тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу болып табылады. Осы орайда әр ұстаз оқу мазмұнын жаңарту, өзі¬нің шығармашылығын дамыту мен шеберлігін шыңдап, озық техно¬ло¬гияны жетік меңгеріп, әр күнгі саба¬ғына тиімді әдіс – тәсілді пайдалану, тәуелсіз еліміздің ертеңі саналатын – бі¬лім¬ді ұрпақ тәрбиелеу міндеті бо¬лып табылады.
2021-2022 оқу жылына арналған міндеттер:
 Педагогтардың және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру:
 мектепішілік бақылауды жүзеге асыру және заманауи білім беру технологияларын енгізу;
 мектептегі әдістемелік бірлестіктердің, шығармашылық топтардың, педагогикалық кеңестің, мектептің әдістемелік кеңесінің қызметі, курстық дайындықты ұйымдастыру арқылы педагогтардың педагогикалық шеберлігін дамыту;
 Білім алушылар мен мұғалімдердің зерттеу және ғылыми қызметін жетілдіру
 Көптілді білім берудің негізі ретінде мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, оның қарқынды жүзеге асырылуын және білім алушылардың білім сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
 Жас мамандарға әдістемелік-ақпараттық көмек көрсету.
 Озық тәжірибелі пән педагогтерінің шығармашылық есеп беруін қолға алу. Авторлық бағдарламаларды дайындау мен іс тәжірибесін тарату;
 Пән мұғалімдері дарынды балалармен жұмысты жүйеге келтіру;

Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары:
педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, проблемалық шығармашылық топтар, ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есептер, теориялық семинарлар мен семинар-практикумдар, озат тәжірибе мектебі, дарынды балалар мектебі,жас мамандар мектебі.
Мектептің әдістемелік жұмысы, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінде шоғырланған және мектептің әдістемелік кеңесі арқылы басқарылады.Бұл жұмыс мектептің негізгі әдістемелік мәселесін іске асыруға бағытталған.
Мектеп педагогикалық кадрлармен толық қамтылған. 2021-2022 оқу жылындағы мұғалімдер саны-38.
Барлығы 38 Ер 14
Әйел 24
Жоғары
Аяқталмаған жоғары 31
2
Арнаулы орта 5
Оның ішінде білімі бойынша:
Жоғары білімді – 31;
Аяқталмаған жоғары-2; (Рыспек А.А., Чаяхметов Б.С.)
Арнаулы орта білімді -5; (Бексолтанова Э.С., Дауленбаев Д., Мухамеджанова А.А, Омарова К.К., Оразов С.С.)
Соның ішінде санаты бойынша:
Жоғары санатты – 2 мұғалім; (Итекпаева Е.Ш, Омарова О.О.)
Бірінші санатты – 2 мұғалім; (Дарикбаева С.С., Керимбаев Р.К.)
Екінші санатты –1 мұғалім; (Мухамеджанова А.А)
Санаты жоқ - 12 мұғалім; (Қалиев С.Қ, Койшибекова Д.Ж., Нурпейсов Е.К., Оразов С.С., Садырбеков Ж.Ү., Тишкова В.В., Шернияз Н., Нұрбек А., Чаяхметов Б., Рыспек А., Солтанбеков М.Б., Садыкова Б.К.)
Жаңа форматта аттестациядан өткен мұғалімдер :
Зерттеуші -3; ( Мустапова Р.К., Туменбаева У.Б., Ельтаев С.А.)
Сарапшы-6 ; (Абеугалиева Р.С., Байтубекова Г.Н., Бауберикова Ж.Ш., Жапарова Г.К., Рамазанова У.Т., Советжанова С.А.)
Модератор-12; ( Бексолтанова Э.С., Даркенбаева А.М., Дауленбаев Д., Қасымхан Т., Омарова Н.О., Оспанова Д.Ж., Саткужаева М.Е., Советжанов С.С., Солтанбеков А.Б., Шалтаева Т.О.)
Мектептің әдістемелік қызметінің негізі – бұл пәнаралық әдістемелік бірлестік. Мектептің әдістемелік жұмысын басқарудың жағдайын жақсарту мақсатында мектеп директорының бұйрығына сәйкес мектепте төменгі құрамда әдістемелік кеңес құрылды:
1.Саткужаева М.Е.– директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;
2.Бауберикова Ж.Ш.– гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі.
3. Советжанова С.А.- жаратылыстану математикалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі;
4.Дарикбаева Ж.Т -бастауыш әдістемелік бірлестігінің жетекшісі;
5.Нурпеисов Е.К–дене шынықтыру және өнер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі;
Әр бірлестіктің жұмысы жылдық жоспар негізінде жүйелі жүргізілуде. Бірлестік жұмыстары тексеріліп, қадағаланып отырады.
№ Бірлестік Аты-жөні Туған
күні Бітірген оқу орны Еңбек өтілі Санаты
1 Бастауыш ӘБ
Дарыкбаева Ж.Т. 18.08.1981 Алматы Университеті-2019 11 модератор
2 Гуманитарлық ӘБ Бауберикова Ж.Ш. 29.05.1977 Абай атындағы ҚазҰПУ-2012 9 сарапшы
3 Жаратылыстану-математикалық ӘБ Советжанова С.А. 07.03.1991 ЖГУ-2012 9 сарапшы
4 Спорт және өнер ӘБ Нурпеисов Е.К. 08.04.1974 Шымкент университеті -2021 8 Жоқ
Бірлестік мүшелері өз міндеттерін жоспар бойынша атқарып отырды,өзара тәжірбе алмасу барысында бір- бірінен үйрену, кемшіліктерін түзеу,ұсыныс пікірлер білдірулер жүргізіліп,оң нәтижелерге жетуге септігін тигізіп отырады.Қазан айындақашықтықтан әдістемелік бірлестіктің отырыстары өз уақытында өтілді. Отырыста ұстаздардың қолы жеткен табыстары мен жұмыстары талданды.Онда 2021-2022 оқу жылына арналған мұғалімдердің күнтізбелік жоспары талқыланып, бекітілді. Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспары, үйірме, таңдау пәндерінің жоспары талқыланып, бекітілді. Әдістемелік отырыста пән апталығы, пәндік олимпиада материалдарын дайындау, озық іс-тәжірибе мектебімен танысу,жас мамандар мектебімен танысу,ашық сабақтардың жоспары, дарынды оқушылармен жұмыс, педоқулары тақырыбы, аттестация, курстары жайында және басқа да атқарылатын жұмыстар туралы қаралып, әдістемелік көмек берілді.


Әдістемелік кеңес
2021-2022 Оқу жылында әдістемелік кеңестің 6 отырысы өткізілді:

Отырыс №1
1.Жаңа 2021-2022 оқу жылында білім беру қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру бойынша әдістемелік жұмыстың міндеттерін қарау
2.2021-2022 оқу жылына мектептің әдістемелік жұмыс жоспарын бекіту.Әдістемелік бірлестіктер мен қосымша білім беру педагогтарының жұмыс жоспарын қарастыру
3.2021-2022 оқу жылына мектептің педагог кадрларының біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарын және аттестаттау жоспарын құру
4.Бейімдеу жұмыстарының жоспарын қарау,құру. Пән апталықтарын өткізу жоспарын қарау,бекіту.Жас мамандарға тәлімгер тағайындау
Отырыс №2
1.Бастауыш және гуманитарлық әдістемелік бірлестік онкүндігінің қорытындысы
2.Педагог біліктілігін арттырудағы өз білімін көтеру жұмыстарының орны
3.Мектепішілік пән олимпиадасының жоспарын қарау
Отырыс №3
1.Спорт және өнер, жаратылыстану-математикалық әдістемелік бірлестігінің пән апталығының қорытындысы
2. Мектепішілік олимпиаданың қорытындысы, 8-11 сынып оқушыларын аудандық олимпиадаға дайындау
3. Жаңа модификацияланған кабинет жұмысын қарау
Отырыс №4
1. Аудандық пәндік олимпиаданың қорытындысы
2. Гуманитарлық бағыттағы пәндердің оқытылуын зерделеу және әдістемелік көмек
3. Жас мамандар онкүндігіне дайындық
Отырыс №5
1.Мектепішілік семинар қорытындысы
2. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің оқытылуын зерделеу және әдістемелік көмек
3.Мектепішілік бақылау нәтижесі «Абайтану», «Дінтану», факультативтік сабақтардың оқытылу жағдайын тексеру қорытындысы
Отырыс №6
1. Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші » тақырыбындағы мектепішілк үздік сабақтар байқауының қорытындысы
2. Мектепішілік,аудандық мұғалімдер арасында өткен байқаулар қорытындысы
3.Білімінде олқылығы бар білім алушылардың бақылау жұмыстарының қорытындысы, атқарылған жұмыстың есебі
4. Оқу жылының талдауы.Бірлестік жетекшілерінің қорытынды есебі


МҰҒАЛІМДЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН КӨТЕРУ ЖҰМЫСЫ
Педагогтардың біліктілігін арттыру мәселесі оқу-тәрбие үрдісінің сапасын көтеру, өз қызметіне аса жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауға қолайлы жағдай туғызу болып табылады. Әртүрлі әдістемелік әдебиеттерде мектептерде педагогтардың біліктілігін арттыру басшының мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыруына көп байланысты деп көрсетілген. Осыған орай, педагогтардің біліктілігін арттырудың негізгі көзі ғылыми зерттеулердің нәтижелері және алдыңғы қатардағы іс тәжірибе болып табылған. Әрине осының өзі әдістемелік жұмысты, ұжымда қалыптасқан педагогтердің, іс тәжірибесіне байланысты болуына мәжбүр етеді. Өзіндік біліктілікті арттыру жұмысына да көп көңіл бөлінген.
Білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагогтардың құзыреттілігін құрайтын элементтердің бірі олардың біліктілігін арттыру курстарынан үнемі өтуі болып табылады. 2021-2022 оқу жылының басты жоспарына сәйкес пән мұғалімдері жыл бойында өз мамандықтары бойынша мектептің перспективалық жоспарына сәйкес білімдерін көтеру үшін арнайы курстардан өтеді.
2021-2022 оқу жылының қыркүйек айында пән бойынша 11 ұстаз 72 сағаттық курстан өтті.
№ Аты-жөні Пәні
1 Мустапова Р.К. Қазақ тілі және әдебиет
2 Нурпейсов Е.К. Көркем еңбек
3 Омарова О.О. Математика
4 Бауберикова Ж.Ш. Қазақ тілі және әдебиет
5 Қалиев С.Қ. Дене шынықтыру
6 Садырбеков Ж.Ү. Ағылшын тілі
7 Тишкова В.В. Биология
8 Шернияз Н. АӘД
9 Нұрбек А. Қазақ тілі және әдебиет
10 Рыспек А. Математика
11 Қасымхан Т.Е. География

Қыркүйек айында 80 сағаттық педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту курсынан 100% педагогтеріміз өтті.
ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ
Шығармашылық қызмет пен педагогикалық шеберліктің көрсеткіші, білім беру сапасын басқаруды жетілдіру механизмі педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау болып табылады. Оқу жылынын басында аттестаттаудан өтіп, санатын көтеруге 3 педагог өтініш берді.

№ Аттестатталушының аты-жөні білімі (қашан, қайда, не бітірді) диплом бойынша мамандығы Пед өтілі санаты соңғы аттесация жылы қандай санатқа үміткер
1 Нурпейсов Елубай Курмангалиевич Шымкент университеті-2021ж Көркем еңбек 8 жоқ - Педагог-модератор
2 Дарикбаева Салтанат Султановна І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемл. Университеті -2009 ж География 29 І
2018 Педагог-сарапшы
3 Оразов Серік Сембайұлы Талдықорған политехникалық колледж – 2017ж Дене шынықтыру 3 жоқ - Педагог- модератор

Аталған педагогтардың сабақтарына қатысу кезіндемұғалімнің бағалау қызметі, оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту, сабақты өткізу кезінде санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, сабақ арқылы мектептің тәрбие міндеттерін жүзеге асыру, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту, оқушылармен жеке және сараланған жұмысты ұйымдастыру, акт, "Күнделік" электрондық журналы мен күнделікті пайдалану, BilimLand сандық ресурстарын пайдалану талданды.
ТІЛ АЙЛЫҒЫ
Мектебімізде 2-10 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесіне арналған «Тілі бірдің – туы бір» атты тілдер онкүндігі өтті. Бұл онкүндікте іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тіліндерінде өтті. Аталған апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары түрлі іс- шаралардың өтуіне ат салысты. 9-қыркүйек күні апталықтың ашылу салтанатына орай бірлестік жетекшісі Ж.Бауберикова тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де, тұрақты болып өрістеп дамуына үлес қосу жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатынын айтып, Қазақстан Республикасы халқының тілдер күнімен құттықтады.
1-11-сынып жетекшілері тіл туралы тәрбие сағаттарын өткізді.
3 қыркүйек күні қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ү.Туменбаева мен Ж.Бауберикова 5-10-сыныптар арасында мәнерлеп өлең оқудан челленж ұйымдастырса, 7 қыркүйек күні жас маман қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Нұрбек Аршын «Тілім барда, айтылар сөз ойдағы» тақырыбында 10-сынып оқушылары арсында мектепішілік шығармалар байқауын өткізіп, ең таңдаулы оқушылардың шығармасын іріктеп алып, марапаттады.
6 қыркүйек күні 7-9-сыныптар мерекелік "Ахметтанушы" газетін шығарудан сайысқа түссе, 9-10-сынып оқушылары Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына зерттеу жұмыстарын жүргізуден бақ сынады.
8 қыркүйек күні 9-10-сыныптармен қазақ тілі пәні мұғалімдері Ж.Бауберикова орыс сыныптары арасында, А.Нұрбек қазақ тілі сыныптары арасында тұрақты сөз тіркесін жазып, мағынасын ашудан блиц-турнир өткізді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар оқушылар арасынан суырылып шығып, өзін көрсете білген оқушылар марапатталды.
9 қыркүйек күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Т.Шалтаева, Ж.Садырбеков 7-9 сынып оқушыларымен "Easy cheesy proverbs squeezy" тақырыбында блиц-турнир ұйымдастырды.
10 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы халқының тілдер күніне арналған тілдер онкүндігі жабылды. Шығарма жазған оқушылар мен челендж, публицистикалық таным шығарған, зерттеу жұмыстарын жазған, сайысқа белсене қатысқан оқушылар марапатталды. (Жоғарыда аталған барлық іс-шаралар ОНЛАЙН форматта өтті).
"ІЗДЕНІС" ЖАС МАМАНДАР МЕКТЕБІНІҢ ЖҰМЫС
Педагогтың қалыптасуы - әлеуметтік, психологиялық және кәсіби тұрғыда өте күрделі процесс. Осы кезеңде жеке тұлғаға ішкі де, сыртқы да оң немесе теріс факторлардың тұтас кешенінің әсер ету нәтижелері неғұрлым анық көрсетіледі. Білім беру мекемесі-жас мамандардың кәсіби бейімделуі қамтамасыз етілетін орталық буын.Жыл сайын мектеп ұжымы жас мамандармен толықтырылады. Жас мамандардан жақсы ұстаз тәрбиелеу,мектепке бейімдеу,тұрақтандыру жұмысында «Жас педагог» мектебінің алар орны мен маңызы өте зор.
Жұмыстың мақсаты: Бүгінгі мектеп дамуындағы оқу-тәрбие процесінің жүргізілу жүйесімен таныстыра отырып, жас маманның теориялық білімін практикамен ұштастыруға және кәсіби біліктілігінің дамуына жағдай жасау, оқытудың жаңа технологияларын тәжірибесіне тиімді қолдануға үйрету.
Жұмыстың міндеті:
 Жас маманның ақпараттық - коммуникациялық технология негізінде жұмыс жүргізуіне жағдай жасау;
 Жаңа педагогикалық технологиялар мен инновацияларды меңгеруге, өз тәжірибесіне енгізуге көмек көрсету;
 Озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, үйрену, ендіру;
 Жас маманның әдістемелік тәжірибесін, кәсіби деңгейін арттыруға байланысты іс шараларға қатысу;
Жаңа оқу жылының басында жас мамандардың тізімі алынып, олардың әрқайсысына жеке тәлімгерлер тағайындалып, жұмыс жоспары бекітілген. Онда оқыту технологиялары, педагог мәдениеті, кәсіби шеберлік, сабақты, топтан тыс шараларды, сынып жетекшісінің жұмыстарын жоспарлау, талдау, топ ұжымының тәрбиелік деңгейін есепке алу және т.с.с. мәселелердің шешімін табу қарастырылған. Сонымен қатар, жас мамандарға арналған іс-шаралар өткізу, өзара сабаққа қатысып, тәжірибе алмасу қамтылған.
Мектеп директорының 172-Ө бұйрығының негізінде "Ізденіс" жас мамандар мектебінің жетекшісі болып Омарова Назгуль Оразхановна тағайындалды. Біліктілік санаты педагог-модератор. Келген жас мамандардың барлығы жоғары білімді мамандар.
№ Аты-жөні, тегі (толық) Білімі Бітірген оқу орны (толық), жылы Мамандығы
1 Шернияз Нұртөре Ерболұлы Жоғары І.Жансугіров ат.Жетісу мемлекеттік университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы -2021 АӘД
2 Нұрбек Аршын Жоғары Қазақ иноватциялық гуманитарлық заң университеті-2021 Қазақ тілі мен әдебиеті
3 Рыспек Әлішер Асхатұлы Аяқталмаған жоғары Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Математика
4 Чаяхметов Берікбол Серікұлы Аяқталмаған жоғары Шымкент университеті Педагог-ұйымдастырушы



Сапалық құрамы
2021-2022
Пәні Құрамы
АӘД 1
Қазақ тілі мен әдебиеті 1
Математика 1
Педагог-ұйымдастырушы 1

Былтырғы оқу жылымен салыстыратын болсақ:
2020-2021 2021-2022 Айырмашылығы
6 4 -2






№ Жас маманның аты-жөні Бітірген оқу орны Мамандығы Тәлімгер
1 Нұрбек Аршын Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті– 2021ж Қазақ тілі және әдебиет Туменбаева Умитгуль Бейсембаевна
2 Шернияз Нұртөре Ерболұлы І.Жансугіров ат.Жетісу мемлекеттік университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы – 2021ж АӘД Советжанова Сания Ахмешовна

Жас маман мен тәлімгер туралы мәлімет

Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Саткужаева М.Е.
2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.Жас ұстаздың кәсіптік қызмет картасы төмендегіше болатынын түсіндірді.
• Біліктілігін көтеруі (курстар, семинарлар,т.б.)
• Кәсіптік табыстары рейтингісінің жылдар бойынша өсуі.
• Әдістемелік жұмыстары
• Кәсіптік жаңашылдық қызметі
• Кәсіптік тұлғасы: негізгі мәселені анықтай алуы, жобалар құра білуі, өз қызметі бойынша есептер, мақалалар жаза алуы, төзімділігі, адами-рухани, психологиялық сапалары, қарым-қатынас шеберлігі;
• Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстары
• Қоғамдық педагогикалық қызметі
Осындай кесте әрбір жас маманның нақты әрі нәтижелі жұмыс істеуіне жетекші бола алады.Жас мұғалімдердің өзін-өзі үзбей жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру мақсатында жыл бойы ашық сабақтар,пихологиялық тренингтер,іскерлік ойындар,семинарлар жүргізілетіні және оқу жылының соңында “үздік жас маман ” байқауы қорытындыланатыны айтылды. Мектеп директорының бұйрығымен жас мамандарға бекітілген тәлімгер мұғалімдер таныстырылды.одан әрі жас мамандарды сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелермен таныстыру жүргізілді. Жас мамандарға еңбек тәртібі , өзін-өзі ұстау мәдениеті және қоғамдық жұмысқа белсене араласу, педагогикалық ортамен тығыз байланыс орнату мәелелері ескертілді.

Жас мамандарға арналған семинардың тақырыбы: «Жас мамандарға көмек: сабақты тиімді жоспарлау,талдау»
Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру
№ Атқарылатын іс-шара Өткізу форматы Жауаптылар
1 «Педагогтік әдеп және ұстаздық шеберлік» жас мамандарды жаңа ортаға бейімдеу Тренинг ДӘІЖО М.Саткужаева
2 20 минуттық сабақ «Сабақтағы кері байланыс» Ашық сабақ Ү.Туменбаева
3 Тәлімгер мен жас маман жоспары Түсіндірме жұмыс, презентация С.Советжанова
4 ҚМЖ және КТЖ құрастыру Түсіндірме жұмыс, презентация Г.Байтубекова
5 БЖБ және ТЖБ құрастыру Түсіндірме жұмыс, презентация О.Омарова
6 Білімінде олқылығы бар білім алушылармен жұмыс жоспары Түсіндірме жұмыс, презентация Ұ.Рамазанова
7 Күнделік КЗ толтыру Түсіндірме жұмыс, презентация Н.Омарова
8 Кері байланыс Жетістік баспалдағы ДӘІЖО
М.Саткужаева


ДӘІЖО М.Саткужаева жас мамандарға семинар-тренинг өткізді
Тақырыбы: «Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік»
Мақсаты:Педагогтік әдеп туралы түсінік беру, мұғалім мен білім алушылардың арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға ықпал жасау. Педагогтардың ұжымдық сыйластық, бір – біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу.
Жас педагогтарға кеңес
1.•Оптимист болыңыздар!
2•Ең бастысы мынаны ұмытпаңыздар: балалар-олар да үүлкендер;
3.Ештеңеден қорықпаңыз: тәжірибелі ұстаздар
ға арқа сүйеңіз;
4.Ата-аналармен қалай қарым-қатынас жасау керек? Балалармен қалай қарым-қатынас жасасаңыз, олармен де дәл солай болыңыз.
5.Әкімшілікпен қарым-қатынаста мына техниканы ұстаныңыз: Барлығына келісім беріңіз(сізге кеңес берсе де, бұйрық берсе де. Бірақ, өзіңіз дұрыс дегенді ғана істеңіз). Мансап қумаңыз;
6.Ұмытпаңыз: педагогикада сыныпқа алғаш кірген кезіңіз; алғашқы сабақтар, алғашқы танысулар-барлық алғашқы нәрселер үлкен маңызға ие;
7.Мына ережені ұстаңыз: егер де сіз балаларға ең алдымен еркіндік беріп, одан кейін қаталдыққа барсаңыз-олар сізді ұнатпайды; ал керісінше бірінші қаталдықтанытып, одан кейін босатсаңыз-олар сізге риза болады;
8.Есте сақтаңыз: сіздің ең басты жұмысыңыз-балалармен қарым-қатынас жасау;
9.Балалардың көзінше жұмыссыз отырмаңыз;
10.Өзіңіздің жылуыңызды кім қажет етсе содан аямаңыз;
11.Мұғалім-әрқшан бірқалыпты, нық, сенімді, жақсы көңіл-күйде болуға тиісті;
12.Оқушылармен амандасып жүріңіз, бұл өте маңызды;
13.Өзіңіздің оқушыларыңыз туралы білуге ұмтылыңыз. Олар қалай оқиды, тұрмысы қалай, бұрын қандай болған. Бұл сізге педагогикалық талдау жасауға көмектеседі;
14.Өз қателігіңізге ұялмаңыз. Балалар үлкендерге қарағанда қатені үнемі кешіреді;
15.Шешім қабылдарда күдіктенсеңіз, ең жақсысы-асықпаңыз;
16.Өз-өзіңізді таңертең, күндіз, кешке 3 рет мақтаңыз. Ойлану сіздің ең басты мақсатыңыз;
17.Бала да болып көріңіз. Балалармен ойнаңыз, күліңіз, секіріңіз. Өзіңіздің мұғалімдігіңізді балалық шағыңыздың жалғасы сияқты қабылдаңыз.

Жас маманға сабаққа дайындаларда берілетін кеңестер
Сабақта өтетін бағдарламаның тарауын мұқият оқыңыз.
Осы бөлімді жадыңызға берік ұстаңыз.
Сыныптың бөлігімен немесе тұтас сыныппен келіспеушілікке жол бермеңіз, егерде осындай жағдайға тап болсаңыз мәселені оңды шешу жолын қарастырыңыз.
Мұғалімнің қылығының дұрыстығына күмән туып, тіпті оның кінәсі сөзсіз дәлелді болса, келіспеушілік оқушылардың пайдасына шешілу керек екенін ескеріңіз.
Н.А.Добралюбованың «Оқушылардың көз алдында іс-әрекеті толық ақталған мұғалім – бұл әділ мұғалім» деген сөзін есте сақтаңыз.
Сабақтың мақсатын белгілеп алыңыз. Сабақ нәтижесінде неге жетпек ойыңыз бар еді деген сауалға жауап беріңіз.
Сынып ұжымын, жеке оқушыларды елестетіңіз, олармен сабақ мақсатына жету жолдарын қарастырыңыз.

Жас мамандармен танысу ұйымдастырды. Мұғалімнің педагогикалық кәсіби мәдениетін түсіндіріп өтті. Жағдаяттарды шешуді ұсынды. «Мен жұмыста» және «Мен үйде» тақырыбында ойларын тыңдады. Тренинг аяғында «Суреттер сойлейді» тақырыбында жас мамандар постер қорғады.
Жас мамандарға бағдарлама бойынша 20 минуттық сабақ «Сабақтағы кері байланыс» туралы 11 а сыныбымен қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ү.Туменбаева ашық сабақ көрсетті. Тәлімгер мен жас маман жоспарын құруды география пәнінің мұғалімі С.Советжанова түсіндірме жұмыс жүргізді. ҚМЖ және КТЖ құрастыру туралы бастауыш сынып мұғалімі Г.Байтубекова түсіндірме жұмысын жүргізді, БЖБ және ТЖБ құрастыру туралы математика пәнінің мұғалімі О.Омарова түсіндірді, Білімінде олқылығы бар білім алушылармен жұмыс жоспары туралы математика пәнінің мұғалімі Ұ.Рамазанова түсіндірме жұмысын жүргізді, Күнделік КЗ толтыру туралы бастауыш сынып мұғалімі Н.Омарова түсіндірме жұмысын жүргізді. Жас мамандармен семинар аяғында кері байланыс «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы директордың орынбасары М.Саткужаева жүргізді.

Тәлімгерлерге ұсыныс. Ұстаз жетістігінің шыңдалатын жері – сабақ. Жас мамандардың сабақтарына жиі қатысып үнемі тығыз байланыста болып, сенімділік артып, оқу-тәрбие үрдісінде өтетін барлық іс-шараларға тартып, белсенді қатысуға мүмкіндік беруді басты назарда ұстау керек деп есептеймін.Тәлімгерлер жас мамандарға жыл бойы өткізетін іс-шаралардың тізімін, жас мамандармен бірлесіп жасалған жылдық жоспарды және өткізетін мезгілі және кімге тапсырылатынын жазып жас мамандардың қолдарына ұстату. Бұл біріншіден жас ұстаздың сенімділігін, екіншіден жауапкершілігін арттырады.Жас мамандарға ұсыныс.Алдыңғы қатарлы жаңашыл педагогикалық тәжірибелерді енгізу, қолдану, іздену арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру;Жас мамандар өзара сабақтарына қатысып, саралап, талдап, кемшіліктерін ортаға салып, кеңесу арқылы ортақ шешімге келіп, әдістемелік түзету жұмыстарын жүргізу;Озық тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысу; Курстар, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстел арқылы жас мамандардың кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру;
ОЛҚЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ МЕН ЖҰМЫС

 Ата-аналар немесе заңды өкілдерінің келісімімен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жаңа сабақтың алдында, сенбі күндері, каникул күндері, жазғы мектеп кезінде жеке консультация, қосымша сабақтар ұйымдастыру.
 2-кезең. Жұмысты жоспарлау (ІІ тоқсанның екінші аптасы)
 1. Жаңа оқу жылындағы пән бойынша оқу мақсаттарына сәйкес келетін оқу мақсаттарын ескере отырып, қысқа мерзімді жоспарлау;
 2. біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жеке жұмыс жоспарларын әзірлеу


ДАРЫНДЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС
Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер,ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын мақсатқа жету үшін еңбектене білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында мектебімізде "БОЛАШАҚ" дарынды балалар мектебі жұмыс жасайды.
Мақсаты.Әрбір оқушының интеллектуалдық, рухани және шығармашылық мүмкіншілігін жүзеге асыру,жағымды жағдай жасау, мектеп жасындағы оқушылардың дарындылығын дамыту, анықтау және кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Міндеті:
• Оқушылардың ақыл-ой қабілетін жетілдіру;
• Шығармашылық дарындылығын дамыту;
• Оқушыларды қоршаған ортаны аялауға,әлемдік адамгершілік негіздерін басшылыққа алуда іздену мен ізгілендіру талаптарына сай болуына баулу;
• Оқушылардың ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
• Оқушылардың өз тілінде жатық сөйлеуге,кез-келген ортада қарым-қатынасқа түсе алуға даярланады;
• Кестелі, бейнелі тілдік сөйлеуді қолданады;
• Өзіне тән стильдік ерекшелігі қалыптасады;
• Сөз бояуын құбылта алады;
• Ойын анық, дәл, шешен тілмен жеткізеді;
• Сөзі ой мен сезімге әсер ететін мағыналы сөздік тұлғаларды қолданады;
• Әдеби тілдік нормаларды ұтымды қолданады;
• Жағдаяттардан жол тауып шыға алады

Мектеп директорының №171-Ө бұйрығының негізінде биология пәнінің мұғалімі Итекпаева Е.Ш. "БОЛАШАҚ" дарынды балалар мектебінің биылғы оқу жылынан бастап жетекшісі болып тағайындалды. Жоғарғы білімді, жоғары санаты бар педагог.Дарынды оқушылармен мектепішілік те жекелей де жұмыс жоспары құрылды. Жұмыс барысын мектеп әкімшілігі мен оқушылардың ғылыми қоғамының мүшелері үнемі бақылауда ұстайды.
Дарынды білім алушымен жұмыс жасауда мұғалімге қойылатын талаптар
 Дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы
 Дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған бағдарлама құрастырып,сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
 Оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы
 Дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі
 Дарынды оқушының ғылыми – іденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі
 Дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы
 Сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу
 Оқушы дарындылығының моделін білу
 Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
 Дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу
 Дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білу;
Сондай-ақ, оқушылардың ғылыми қоғамның жұмысын ұйымдастыру мен жандандыру жолында химия пәнінің мұғалімі М.Саткужаеваның жетекшілігімен "ЖАС ЗЕРТТЕУШІ" ғылыми қоғамы жұмыс жасайды.
Мақсаты:Оқушылардың ғылыми-зерттеушілік жұмыс дағдыларын, ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, белгілі бір ғылым саласында білімін жетілдіру, интеллектісін дамыту, шығармашылыққа баулу арқылы әржақты дамыған тұлға тәрбиелеу
Міндеттері:
 ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
 жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
 белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;

Ғылыми жоба зерттеу жұмысы бойынша жылда нәтиже төмен деңгейде көрсетіледі. Себебі, білім алушы мен жетекшінің дайындық деңгейінің төмен болуы;Тақырыпты толық аша алмауы;Жетекші тарапынан білім алушыға дұрыс бағыт бағдардың берілмеуі;
Осындай кемшіліктермен жұмыс жасау мақсатында мектептегі ғылыми қоғам жұмысы 3 бағыт бойынша жүргізілуде.
Оқушылардың ғылыми қоғамының жетекшілері:
1.«Жас толқын» бастауыш сынып бағыты бойынша жетекшісі Омарова К.К
2.«Жас ғалымдар» бағыты бойынша жетекші Шалтаева Т.О.
3.«Жас математиктер мен физиктер» бағыты бойынша жетекші Омарова О.О
Жетекшілердің міндеттері.
 Ғылыми жобаға қатысатын оқушыларды анықтау
 Ғылыми жобалар тақырыбын,жылдық жоспарын жетекшілерін бекіту.
 Білім алушылармен «Ғылыми жобаға дайындалу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу;
 Ғылыми білімді жария ету және мәртебесін жоғарлатуға қолдау көрсету;
 Оқушылардың танушылық белсенділігін және шығармашылық қабілетін дамыту;
 Оқушыларды ғылыми ізденістің әдістерімен таныстыру;
 Ғылыми әдебиетпен жұмыс жасауға, іріктеуге, талдауға, ақпаратты жүйелеуге, зерттеушілік проблемаларды айқындауға және шешуге, ғылыми жобаны сауатты рәсімдеуге үйрету;
 Оқушыларға аудитория алдында баяндамамен сөз сөйлеуге, пікірталас өнерін меңгеруге қолдау көрсету.
 Аудан,облыс,республика көлемінде нәтиже көрсету;
 Жасалған жұмыстар туралы, ақпарат беру;
Күтілетін нәтиже:
 Оқушының функционалды сауаты,өз құзырлығын қамтамасыз ете алуы;
 Оқу қызметін бағалай және жинақтай білу сауаттылығы;
 Өз бетімен білім алуды ақпараттық технологиялары мен БАҚ материал дарын қолдана білу сауаттылығы;
 Өз құқығын қорғай білу мен қолдану сауаттылығы;
 Оқушылар басқа мәдениеттерді зерделеу,әр түрлілікті құрметтеу, әлемді жақсы көрушілік тұрғысынан көре алу;
Білім алушылардың «ақпаратты-білімге,білімді –даналыққа» айналдыра алуы
“Қабілет” интеллектуалды Білім порталының ұйымдастыруымен
2021 жылдың Қазан айында өткен Республикалықбайқауына қатысқан білім алушылар
№№ Аты-жөні Алған орны Сыныбы Жетекшісі
1 Бақыт Жасмин “Арайлы алтын күз” байқауы (эссе)
БАС ЖҮЛДЕ 6а Туменбаева У.Б.
2 Жүкен Айым “Арайлы алтын күз” байқауы (эссе)
БАС ЖҮЛДЕ 6а Туменбаева У.Б.
3 Тәттіғали Гауһар “Арайлы алтын күз” байқауы (эссе)
І орын 6а Туменбаева У.Б.
4 Сұлтан Нұрдәулет “Тұғыры биік тәуелсіздік” байқауы (эссе)
БАС ЖҮЛДЕ 7а Туменбаева У.Б.
5 Қалмақбай Әдемі “Арайлы алтын күз” байқауы (эссе)
БАС ЖҮЛДЕ 6а Туменбаева У.Б.
6 Сейтбатал Алуа “Жаңа замандағы әлем” (эссе)
І орын 7а Туменбаева У.Б.
7 Қанабек Айзада “Үздік ғылыми жұмыс”
І орын 7а Туменбаева У.Б.
8 Сембай Арайлым “Абай сөзі-ұрпақ темірқазығы”
(эссе)
Бас жүлде 7а Туменбаева У.Б.
9 Қанатпекова Жанна “Абай сөзі-ұрпақ темірқазығы”
(эссе)
І орын 9а Туменбаева У.Б.
10 Сарсымбай Гүлім “Абай сөзі-ұрпақ темірқазығы”
(эссе)
І орын 9а Туменбаева У.Б.
11 Бақтияр Алтынай “Абай сөзі-ұрпақ темірқазығы”
(эссе)
І орын 9а Туменбаева У.Б.
12 Өсербай Ляззат “Абай сөзі-ұрпақ темірқазығы”
(эссе)
Бас жүлде 9а Туменбаева У.Б.
13 Серікқызы Ұлпан “Абай сөзі-ұрпақ темірқазығы”
(эссе)
Бас жүлде 9а Туменбаева У.Б.
14 Жүкен Анель “Абай сөзі-ұрпақ темірқазығы”
(эссе)
Бас жүлде 9а Туменбаева У.Б.
15 Оразхан Аяжан “Абай сөзі-ұрпақ темірқазығы”
(эссе)
Бас жүлде 10а Туменбаева У.Б.
16 Құрманғали Мейіржан “Тұғыры биік тәуелсіздік” байқауы
БАС ЖҮЛДЕ 8а Нурпейсов Е.К.
17 Қасымхан Аяулым “Көркем жазу” байқауы
Бас жүлде 1а Омарова К.К.

“Ustaz tilegi” ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық Биология пәнінен оқушылар арасындағы онлайн олимпиадасына 9в сынып оқушылары Бухансов Сергей мен Колесникова Анастасия, 8в сынып оқушысы Белькова Виктория қатысып сертефикаттармен марапатталды, жетекшісі: Тишкова В.В.
Білген бәйге республикалық олимпиадасына қатысып мектепшілік кезеңнен өтіп димпломдар алған оқушылар
№ Аты-жөні Пәні Жауапты
1 Шеризат Мерейлім Математика Бексолтанова Э.С.
2 Жүкен Іңкәр Математика Бексолтанова Э.С.
3 Қанабек Мерей Математика Бексолтанова Э.С.
4 Жүкен Нәзерке Математика Бексолтанова Э.С.
5 Нұрпейіс Алтынай Математика Бексолтанова Э.С.
6 Бағдат Аяжан Қазақ тілі Бексолтанова Э.С.
7 Тұрсынхан Нұрайым Қазақ тілі Бексолтанова Э.С.
8 Айдынқызы Аяжан Қазақ тілі Бексолтанова Э.С.
9 Салямхан Айым Қазақ тілі Бексолтанова Э.С.
10 Жанат Алихан Қазақ тілі Бексолтанова Э.С.
1 1 Аханова Аружан Математика Дарыкбаева Ж.Т.
12 Қанатбек Наби Математика Дарыкбаева Ж.Т.
13 Менғали Зере Математика Дарыкбаева Ж.Т.
14 Төлуқан Нұржігіт Математика Дарыкбаева Ж.Т.
15 Чаяхмет Нұрасыл Математика Дарыкбаева Ж.Т.
16 Ерланұлы Ержан Қазақ тілі Дарыкбаева Ж.Т.
17 Жұмақан Жасмин Қазақ тілі Дарыкбаева Ж.Т.
18 Қайса Алмат Қазақ тілі Дарыкбаева Ж.Т.
19 Қасымқан Айсұлу Қазақ тілі Дарыкбаева Ж.Т.
20 Қасымсейт Алдияр Қазақ тілі Дарыкбаева Ж.Т.







БІЛГЕН АЛАМАН республикалық биология-химия пәндері олимпиадасына қатысып мектепшілік кезеңнен өтіп димпломдар алған оқушылар
№ Аты-жөні Пәні Жауапты
1 Даулетхан Адина Биология Итекпаева Е.Ш.
2 Қалмақбай Әдемі Биология Итекпаева Е.Ш.
3 Қожахмет Айсұлу Биология Итекпаева Е.Ш.
4 Сейтбатал Алуа Биология Итекпаева Е.Ш.
5 Сұлтан Сабина Биология Итекпаева Е.Ш.
6 Әлімбек Абылай Химия Итекпаева Е.Ш.
7 Бақтияр Алтынай Химия Итекпаева Е.Ш.
8 Серікқызы Ұлпан Химия Итекпаева Е.Ш.
9 Құрманғали Рамазан Химия Итекпаева Е.Ш.
10 Оразхан Аяжан Химия Итекпаева Е.Ш.


БІЛГЕН АЛАМАН республикалық жаратылыстану-география пәндері олимпиадасына қатысып мектепшілік кезеңнен өтіп димпломдар алған оқушылар
№ Аты-жөні Пәні Жауапты
1 Поцебина Дарья Естествознание Советжанова С.А.
2 Қамеш Диас Естествознание Советжанова С.А.
3 Жексенбек Айзере Естествознание Советжанова С.А.
4 Потемкин Тимофей Естествознание Советжанова С.А.
5 Опарина Виктория Естествознание Советжанова С.А.
6 Дерепаскин Артем Естествознание Советжанова С.А.
7 Белькова Маргарита Естествознание Советжанова С.А.
8 Крыцких Роман Естествознание Советжанова С.А.
9 Крытцких Анастасия Естествознание Советжанова С.А.
10 Мұқатай Бекзат География Советжанова С.А.

БІЛГЕН АЛАМАН республикалық химия пәні бойынша олимпиадаға қатысып мектепшілік кезеңнен өтіп димпломдар алған оқушылар
№ Аты-жөні Пәні Жауапты
1 Ященко Милана ХИМИЯ Саткужаева М.Е.
2 Дүйсембай Қанат ХИМИЯ Саткужаева М.Е.
3 Қанабек Айзада ХИМИЯ Саткужаева М.Е.
4 Ермұхан Зере ХИМИЯ Саткужаева М.Е.
5 Нұрмухамбет Үміт ХИМИЯ Саткужаева М.Е.
6 Сембай Арайлым ХИМИЯ Саткужаева М.Е.
7 Сұлтан Нұрдәулет ХИМИЯ Саткужаева М.Е.
8 Тұрсынхан Али ХИМИЯ Саткужаева М.Е.
9 Бұлғыншы Аружан ХИМИЯ Саткужаева М.Е.
10 Рыспек Аружан ХИМИЯ Саткужаева М.Е.

ҒЫЛЫМИ ЖОБА
2021-2022 оқу жылында өткізілетін ғылыми жоба жұмысы айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетілмеуде. Ғылыми жобаға сұраныс берушілер саны мүлде жоқ. Жалпы ғылыми жоба бір күндік дайындықты қажет етпейді. Бір не екі үш жыл көлемінде алынған тақырып бойынша білім алушымен толық қанды дайындалу керек,тақырыпты толық зерттеу керек. Сонда ғана жақсы нәтиже көрсете аламыз.
МЕКТЕПІШІЛІК, АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДА
Қазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, бәрібір тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына жеткізеді. Шәкіртті оқу үрдісінде мұғаліммен бірдей субЪект ретінде танып, дара тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу- әр ұстаздың міндеті.
Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар істелінуде. Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында ғылыми пәндер бойынша өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше.
Пәндік олимпиадалар- оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы.
Мақсаты: оқушылардың білімін тереңдетуге, негізгі пәндерге деген қызығушылығын арттыру
Қараша айында мектепішілік олимпиада ұйымдастырылып өткізіледі.
Олимпиаданың өтілуін бақылауға құрамы төмендегідей комиссия құрылды:
Комиссия төрағасы – Р.Мустапова
Комиссия мүшелері – Д.Оспанова, М.Саткужаева
Хатшысы – Т.Қасымхан
Мектепішілік кіші олимпиада ІІ кезең бойынша өткізілді. Мектепішілік кіші олимпиаданы өткізу үшін жұмыс жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Жоспарға сай дайындық жұмыстары жүргізілді. Пән мұғалімдері білім алушыларға олимпиада ережесін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мектепішілік олимпиадаға 5-11 сынып арасында қатысқан барлық оқушылар саны – 104 оқушы. Бастауыш сыныптан -56 білім алушы қатысты.
Барлығы-160

Оқу жылы Саны
2020-2021 136
2021-2022 160
Айырмашылығы +24



ӘДІСТЕМЕЛІК ПӘНДЕР ОНКҮНДІГІ
2021-2022 оқу жылында әдістемелік жылдық жоспар негізінде келесі пәндік апталықтар өткізілді:

Іс-шаралар атауы
Жауаптылар
Орындау мерзімі
2 «"Әлемдегі білім берудегі менің орным"»
Гуманитарлық бағыттағы әдістемелік бірлестігінің апталғы Бірлестік жетекшісі
Бауберикова Ж.Ш. 7-18 қазан
4 «Болашақ – менің қолымда »
Бастауыш әдістемелік бірлестігінің апталғы Бірлестік жетекшісі Дарыкбаева Ж.Т

19-29 қазан
Қазан айының 7-18 аралығында гуманитарлық әдістемелік бірлестігі "Әлемдегі білім берудегі менің орным" тақырыбында онкүндік өткізді. Онкүндік мақсаты: оқушылардың білімін дамыту, тереңдету, ой – өрісін кеңейту, тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденімпаздығын арттыру, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін арттыру, оқушыларды ғылым мен көркем шығармашылық жағынан дамыту мақсатында ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс – шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Онкүндіктің жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Апталықтың ашылуына пән мұғалімдері онлайн құттықтау жіберді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, жас маман А.Нұрбек 5-10 сыныптар арасында А-4 форматында публикациялық таным, "Ең үздік дәптер" байқауын, сондай-ақ комикстер салғызды. Ішінде ерекше болып табылған жұмыстарға мақтау қағаздары берілді. Олар: 9в сынып оқушысы Мухат Сабина, 5а сынып Айсахан Темірлан, Меңліхан Айша, Ильясұлы Мухаммед. Жоспар бойынша пән мұғалімдері мынадай сайыс, ойын, дебат сабақтарын көрсетті:
1. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Г.Жапарова 6а сыныбымен "Хочю все знать" атты квест ойынын өткізді. Ойын 7 кезеңді қамтыды. 1. Собери текст;2.Блиц; 3.Синтаксический проспект; 4. Собери слова; 5. Родственники; 6. Город мудрецов; 7. Угадайка.
2. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ү.Туменбаева 9а сынып оқушыларымен қазіргі таңда актуалды тақырыпта яғни, "Әлемдік нарықтағы білім берудің ерекшеліктері" атты дебат сабағы өтті. Сынып дебатқа қызығушылықпен белсене қатысты, тақырыпты ашып, өз ойларын еркін әрі тіл байлықтарының мол екендігін көрсетті. Атап айтып кетсек: Серікқан Қайсар, Серікқызы Ұлпан, Қалмақпай Сейдолла т.б.
3. Қазақ тілі пәнінің мұғаімі Ж.Бауберикова 9в сынып оқушыларымен, бітіруші сыныптың қажеттілігіне орай, мамандықтар жайлы топтық сайыс сабағын өткізді. Оқушыларға мамандық жайлы қызықты ақпараттар көрсетіп, мамандықтың қыр-сырын ашу барысында түрлі ойындар өткізді.
4. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Д.Қойшыбекова 6в сынып оқушыларымен "Лишь слову жизнь дана" тақырыбында интеллектуалды турнир өткізді. Оқушылар белсенділік танытып, пәнге деген қызығушылығының зор екенін көрсетті.
5. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Т.Шалтаева 4а сынып оқушыларымен Welcom to the Hoqwards"атты сайыс сабағын өткізді. Сабақ оқушылар үшін өте қызықты, сиқырлы болды. Сабақ сиқырлы қалпақтың көмегімен оқушыларды Слизарин және Гриффиндор сиқыр үйіне бөлуден басаталды. Әр сайыс қызыққа толы болды. Оқушылар ағылшын тілінде бар өнерін көрсетті.
6. Тарих пәнінің мұғалімі С.Ельтаев 11а сынып оқушыларымен "Тарих сұңқарлары" интеллектуалды ойынын өткізді. Оқушылар жанып тұрды. Мұғалім оқушылардың қызығушылығын тудыруда барын салған, түрлі ойын, сайыс, математикалық есептер, жан-жақты қамтыған. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Апталықтағы ең үздік сабақ болды.
Онкүндік қорытындысы бойынша, гуманитарлық пәндері бірлестігінің мұғалімдері мектеп жоспары бойынша 7-18 қазан аралығында пән апталығын ойдағыдай етіп, талапқа сай өтті. Апталық барысында мұғалімдердің шеберлігі мен оқушылардың белсенділіктері байқалды. Оқушылар өздерінің білгендерін барынша көрсете білді және сабаққа деген белсенділіктері арта түсті.
Қазанның 19-нан 29- не дейін өткізілген бастауыш сыныптар декадасының талдауы.
Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы- бастауыш сыныптан басталатын болғандықтан ұстаздар алдында мәдениетті, білімді де білікті кәзіргі заман талабына сай жеке тұлға тәрбиелеп, жаңашылдыққа жаршы болу міндеті жүктелуде.
Мектептегі ең маңызды, жеке тұлғаны білімге бағыттау жұмысының бірі – онкүндік. Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерінің дамуын, практикалық дағдыларын қалыптасуын, білімі мен іскерлігін саралауға қолайлы жағдай осы онкүндікте жүзеге асырылды. Биылғы жылы бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің декадасы жаңаша үрдіс пен жаңа бағытта өтті. Апталықтың тақырыбы: «Болашақ менің қолымда». Бастауыш сынып мұғалімдері оқушы қиялына негізделген әр түрлі тақырыпқа спорттық жарыстар, интеллектуальдық ойындар өткізді. Бастауыш сынып мұғалімдері оқушы қиялына негізделген әр түрлі тақырыпқа сабақтар, тәрбие сағаттарын, сайыстар мен жарыстар, интеллектуальдық ойындар, мерекелер мен викториналар өткізді.Онкүндік 19-шы қазан күні ашылды. Салтанатты жиын алдында зал тақырыпқа сай безендірілді. Әдістемелік бірлестік жетекшісі онкүндік арнайы жоспар бойынша өтетінін айтты және де оны жариялап, балалрға табыс тіледі.
20.10 Дүниетану күні , 0-2 сыныптар "Алтын күз" тақырыбында 3-4 сыныптарда «Менің туған өлкем» сурет байқауын өткізді. Нәтижесі шығарылды.1 «А» сынып оқушылары: Ильясқызы Әселхан,Сайрамбек Аяна,Жексенбай Ермухамет І орын.ІІ орын Сембай Асылбек, Мухаметбек Айбар ІІІорынды иеленді.
2 «А» сынып оқушылар: Сайранбек Айзере,Қанабек Жұбаныш І-орын, Айдақан Айсұлтан, Мұхаметбек Гаухар ІІ-орынды иеленді. 3 «А» сынып бойынша Чаяхмет Нұрасыл, Маратұлы Жан,Қасымхан Айсұлу І-орын, Жұмақан Жасмин,Айдақан айару, Омар Сезім ІІ-орын, Ерланұлы Ержан,Қайса Алмат,Менгали зере ІІІ-орынды иеленді. 4 «А» сынып бойынша Тұрсынхан Тамирис, Нұрпейіс Алтынай, Бағдат Аяжан І –орын,Жүкен Назерке, Жүкен Іңкәр, Салямхан Айым, Шеризат Мерейлім ІІ-орын, Джексембаев Аян,Сұлтан Елдар ІІІ- орынды иеленді. 4 «Б» сынып бойыншаІ-орын Бақытжанқызы Қарақат,Орынбай дария,Асхатқызы Аружан , Дюсембек Ақерке ІІ-орын Бақытбекұлы Аңсар,Ильясқызы Анель,ІІІ-орын Чаяхмет Ернар,Адилбаева Сезім иеленді.
21.10.Әдебиет күні,"Отаным-бақыт ордасы! тақырыбында мәнерлеп өлең оқу сайысы өтіп,нәтижесі шығарылды.1 «А» сынып оқушылары:Дүйсенбай Қайсар, Қасымхан Аяулым, Самархан Айсұлу 1- орын, Ильясқызы Әселхан, Сайрамбек Аяна ІІ-орынды иеленді.
2 «А» сынып оқушылары:Сағындыққызы Айзере,Сайранбек Айзере,Баяхмет Алинұр,Қанабек Жұбаныш жүлделі І-оынға ие болды. Білім алушылар бұндай сайыстарға алғаш қатысып тұрғандықтан барлығы бірдей бағаланды. 3 «А» сынып оқушылары: Жұмақан Жасмин,Менгали Зере І- орын,Айдақан Айару мен Қанатбек Наби ІІ – орынды иеленді.
4 «А» сынып оқушылары: «Мен жас ақынмын» байқауында Шеризат Мерейлім,Қанабек Мерей І-орын,Жүкен Іңкәр ІІ-орынды иеленді.
22.10.Математика күні болды. Бұл күні білім алушылар Ребустар шешуден жарысты. Түрлі логикалық тапсырмалар болды. Бұл жарыста ерекше көзге түске білім алушылар:Сайранбек Айзере,Сағындыққызы Айзере,Бақыт Айша,Баяхмет Алинұр.
25.10.Қазақ тілі күні болды. Бұл күні білім алушылар ертегі айтып жарысты. Қызығы бір бала бастайды,тоқтатқан жерден келесі оқушы жалғастырды. Егерде ертегіні білмесе айып алаңына шығып,айыбын жабады.(өлең оқу,ән айту т.б) 3-4 сынып оқушылар арасында «Мың бір мақал-жүз бір жұмбақ» интеллектуалдық сайыс сабақ өтті.Оқушылар екі сынып болып жарысты.
26.10 Музыка күні өтті. Балалар өздерінің қалауындаіы әндерді орындады. 2 «А » сыныптан Сағындыққызы Айзере "Ертегілер" әнін орындады.Әнші балапанДюсембек Ақерке, Асхатқызы Аружан, Орынбай Аружан3 «А» сынып оқушысы Омар Сезім «Туған жер» әнін орындады. 4 «А» сыныбынан Нұрпейіс Алтынай мен Бағдат Аяжан ән айтты.
Көркем еңбек күні де өтті "Он саусағынан өнер тамған" тақырыбында сайыс өтті.1 «А» сынып оқушысы Самархан Айсұлу бас жүлде,Асылжанқызы Айзада.1- орын ,Жексенбай Ермұханбет, Асхатұлы Алихан. Қасымхан Аяулым ІІ- орынды иеленді.2 «А» сынып түрлі-түсті қағаздан гүл жасады. 1 орын-Керинбай Аружан, Өсербай Қайсар, Джексембаева Саяна ,2 орын-Перизат Ерке,3 орын-Рахметқан Мариям
27.10. күні спорттық жарыс ұйымдастырылды


Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Тоқжайлау ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, 150а үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Токжайлау, ул. Богенбай батыра, дом 150а
©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Тоқжайлау орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru