Мустапова Роза Курмангалиевна » Тоқжайлау орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тоқжайлау орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мустапова Роза Курмангалиевна
05
апрель
2022

Мустапова Роза Курмангалиевна

Мен,Мустапова Роза Курмангалиевна 1963 жылы 24 мамырда Талдықорған облысы Андреевка ауданы Успеновка селосында дүниеге келдім. 
1989 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту Орденді Абай атыңдағы педагогикалық институтын бастауыш оқыту педагогикасы мен методикасы мамандығы бойынша бітірдім.2006 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі маманддығы бойынша бітірдім. Еңбек жолымды 1982 жылы Андреев ауданы Герасимовка орта мектебінің мұғалімі болып бастадым.
1986 жылы Андреев аудандық оқу бөлімінің методисі болып тағайындалдым.
1988 жылдан   Андреев аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі,1998 жылы Кабанбай №3 орта мектебі директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары , 2002 жылы  Кабанбай №1 орта мектебі директорының оқу-тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқардым.
2009 жылдан бері   Алакөл ауданы «Тоқжайлау орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып келемін.  
2013 жылы   «Білім беруді жаңғырту жағдайында білім сапасын басқарудағы басшы құзыреттілігі» бойынша курстан өттім.
2016 жылы Талдықорған қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары   басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша  курстан өттім. 
2020 жылы Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА «Алтынсарин курстарының» сессия бағдарламасы бойынша ҚР педагогтарының біліктілігін арттыруда «Білім берудегі менеджмент» бойынша курстан өттім.
Қызметтік басқару барысында тәжірибе жинақтаумен қатар өз шығармашылығымды дамытуда   «Ел-назар» республикалық журналында және «Қазақстандағы қазіргі заманғы білім беру» кітаптар жинағында тәжірибелерім жарық көрді. 
 2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2019 жылы  «Табысты басшы» жоба аясында аудандық «Білім беру ұйымының табысты   көшбасшысы» байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым.
2019 жылы «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жыл бойы мәдени –көпшілік шараларға  белсене қатысқан үшін Зейнеп Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйі атынан Мадақтама грамотасымен марапатталдым. 
2020 жылы   «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» бағдарламасы аясында мектеп басшыларының белсенді топ-шебер класс алаңында І орынға ие болдым. 
2020 жылы аудандық «Білім беру ұйымының үздік оқу-тәрбие жоспары» байқауында ІІІ дәрежелі дипломға ие болдым.
     Отбасылымын. Жолдасым   - Жапаргалиев Қайыргали Жумагалиевич,Ақжар орта мектебінде алғашқы әскери және технологиялық  пәнінің оқытушысы. 
Ұлым -Жапаргалиев Елес Қайырғалиевич.Ақжар ауылдық округ әкімі.
Қызым-Жумағалиева Лазым Қайырғалиқызы.Астана қаласындағы №78 мектеп гимназиясында  география пәнінің педагогі.
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Тоқжайлау ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, 150а үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Токжайлау, ул. Богенбай батыра, дом 150а
©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Тоқжайлау орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru