Тәрбие жұмысының нормативтік құжаттары » Тоқжайлау орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тоқжайлау орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тәрбие жұмысының нормативтік құжаттары
21
февраль
2022

Тәрбие жұмысының нормативтік құжаттары

[b]ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие
процесі
білім алушылардың интеллектуалдық, патриоттық, рухани-
адамгершілік
пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай
идеологиялық
тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылады.24
Тәрбие жұмысы барлық мүдделі тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары,
қоғамның жаппай қатысуымен кешенді түрде өткізілуі тиіс.
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық
құжаттары:
1) Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
3) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан
Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексі;
4) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы;
5) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан
Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-ІY Заңы;
6) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан
қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 169-
VI Заңы;
7) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
27 шілдедегі № 319 Заңы;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және
ғылымды дамытудың 2020 — 2025 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы;
9) ҚР БҒМ 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен
бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы
тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;
10) ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық
негіздері.
БАЛАБАҚШАЛАР МЕН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ІС-ШАРАЛАР
БАРЛЫҚ БАЛАЛАР ҮШІН ТЕГІН ӨТКІЗІЛЕДІ.
Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты
жиыны 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады және «Әліппе"/"Букварь»
алғашқы оқулығы салтанатты түрде табыс етіледі. Іс-шараға бірінші сынып
оқушылары ата-аналарының біреуіне қатысу ұсынылады. 2021 жылдың
1 қыркүйегінде 2-11-сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
30 жылдығына арналған
«Тәуелсіздік жетістіктері»
тақырыбында
республикалық сынып сағаты, ашық сабақ өтеді. Жаңа оқу жылында білім
алушыларға мектеп формасы бойынша талаптар сақталады, сондай-ақ
классикалық стилдегі ыңғайлы киіммен баруға рұқсат етіледі. Білім беру ұйымдарында негізгі жобалар іске асырылуда:
1. Білім алушылардың мектептегі өзін-өзі басқаруы білім беру процесін
демократияландыруға ықпал етеді және білім беру ұйымдарындағы тәрбие
жұмысының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.
2. Дебат — зияткерлік рөлдік ойын, бұл өзінде бар білімді қолдану біліктілігін
қалыптастырады, функционалдық сауаттылығын дамытады және оқушының
болашақтағы өзін-өзі жетілдіруінің кепілі болатын нағыз білім беру технологиясы.
3. «Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт». Оқу сауаттылығы — табысты,
бәсекеге қабілетті тұлғаны және оның қазіргі қоғамда коммуникативтік құзыретін
қалыптастырудағы базалық дағдылардың бірі.
Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтар.
2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында мынадай жобалар іске
асырылатын болады:
 «Мектептің өзін-өзі басқаруы»;
 «Дебат» қозғалысы;
 «Оқуға құштар мектеп»;
 «Отбасы — мектеп»;
 «Құқықтық сана — қауымға пана»;
 «Дәстүр мен ғұрып»;
 «Еңбек — елдің мұраты»;
 «Үнем — қоғам қуаты»;
 «Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет»
 «Қоғамға қызмет»;
 «Музей сабақтары»;
 «Театр сабақтары» жобасы.
Жоба материалдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясының сайтында орналастырылған https://www.nao.kz).
Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани
жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің
тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша жүзеге
асырылады.
Бірінші бағыт — «Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты
тәрбиелеу, құқықтық тәрбие» білім алушылардың бойында қазақстандық
патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас
бостандығы мен ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты,
толеранттылықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін
қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі
типтегі кемсітушіліктің алдын алуды қарастырады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021-2022
оқу жылында «Туған елге тағзым» жалпыреспубликалық экспедициясын,
«Тарих тағылымы» мен «Қазақ мәдениетінің антологиясы» әлеуметтік
2526
жобаларын, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» («Қазақстанның
киелі географиясы») жобасын қамтитын «Ұлы дала мұрагерлері» жобасын іске
асыруды жалғастыру қажет.
Білім алушылар арасында өлкетану білімін насихаттау және танымал ету
келесі материалдарда:
 Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың
Тұжырымдамалық негіздерінде;
 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жалпы білім
беретін ұйымдарда өлкетану жұмыстарын жетілдіру бойынша әдістемелік
ұсынымдарда;
 «Айналаға қара» («Ауыл өмірі», «Қала өмірі»: әлеуметтік — тарихи
тәжірибе») бағытын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарда;
 «Өлкетану»: мәдени-генетикалық кодтың негізі»
(мәдени
мекемелердегі өлкетану сабақтары) (5-7-сыныптар) пәнін жүргізу бойынша
әдістемелік ұсынымдарда;
 «Қазақстанның киелі орындары — Қазақстанның киелі жерлерінің
географиясы» әдістемелік ұсынымдарында;
 «Туған жер» бағдарламасы арқылы білім беру ұйымдарында білім
алушылардың қазақстандық патриотизмін қалыптастыру бойынша
әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген (https://www.nao.kz).
«Жас қыран» (1-4-сыныптар), «Жасұлан» (5-10-сыныптар), «Жас сарбаз»
әскери-патриоттық клубтары, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының
қызметін ұйымдастыру білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық
жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады.
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген әдістемелік ұсынымдар
https://www.nao.kz сайтында орналастырылған.
Аға тәлімгерлер мен педагог-ұйымдастырушыларға арналған
әдістемелік құрал
www.zhasulan.kz
сайтында
орналастырылған
https://www.zhasulan.kz/kz/project/view?id=14.
Білім беру ұйымдарының қазіргі заманға сай жұмыс жасауында білім
беру ұйымын демократиялық басқару жағдайларын қамтамасыз етуге
байланысты мәселелер туындайды, бұл кезде тек басшы мен педагогикалық
кеңес қана емес, сондай-ақ оқушылар мен ата-аналар да білім беру процесінің
толық құқығы бар субъектілері ретінде білім беру ұйымы ұсынатын
қызметтердің сапасына ықпал етеді.
Осыған байланысты мектептің өзін-өзі басқару органдарына мектеп
парламенттері түрінде маңызды рөл беру ұсынылады. Білім беру ұйымдарында
білім алушылардың өзін-өзі
басқару органдарын дамытудың
«Мектеп/Студенттік парламент» тұжырымдамасы ҚР БҒМ 15.02.2021 жылғы
№ 1-18-4/566-И шығыс хатымен Қазақстанның барлық өңірлеріне жолданды
және https://www.ziyatker.org/schoolparliament сайтына орналастырылды.
Тәрбие бағытының бірі — білім алушыларды құқықтық тәрбиелеу.
Қазіргі уақытта мемлекет пен азаматтық қоғам балалар мен жастардың
құқықтық мүмкіндіктерін іске асыру проблемасын белсенді түрде көтеруде.
Осыған байланысты қазақстандық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының алдында құқықтық мемлекет жағдайында шығармашыл,
бастамашыл, өзі және қоғам үшін пайдалы әрекет ете алатын еркін, жауапты
тұлғаны, мәдениет адамын тәрбиелеу міндеті тұр.
«Құқықтық сана — қауымға пана» жобасы білім алушылардың
құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін
арттыруға бағытталған. Осы жоба шеңберінде білім беру ұйымдарында
заманауи әдістемелер негізінде білім беру және тәжірибеге бағдарланған іс-
шараларды өткізу жоспарлануда.
Білім алушылардың сана-сезімі мен құқықтық мәдениетінің қалыптасу
критерийлері: негізгі заңдарды білу, түсіну және міндетті түрде орындау,
құқықты, заңдылықты құрметтеу, алған білімдерін күнделікті өмірде өз бетінше
және функционалдық сауатты түрде пайдалана білу; нормаларға қайшы
келмейтін мінез-құлық, құқыққа қарсы құбылыстардың, әрекеттердің кез келген
түрін қабылдамау, академиялық адалдық.
Мектеп пен ата-аналар балаларды қоғамға жат мінез-құлықтан бас
тарту мәдениетіне тәрбиелеуі керек.
Жоғары сыныптарда білім алушыларды құқықтық-жауапкершілік
нормаларымен таныстыру қажет.
Білім алушылар бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі
ережелерін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексін,
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» және «Тұрмыстық
зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңдарын білулері тиіс.
Жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіз мінез-құлқы мәселелерін зерттеуге
назар аудару керек.
ИНКЛЮЗИВТІ МӘДЕНИЕТинклюзивті білім берудің негізгі үш
аспектісінің (инклюзивті саясатты әзірлеу, инклюзивті мәдениетті құру,
инклюзивті практиканы жүзеге асыру) маңызды құрамдас бөлігі болып
саналады. Білім беру ұйымдарындағы әрбір адамның өзіндік ерекшелігін,
әртүрлілігін құрметтеу, білім берудің кез келген субъектісіне қолайлы,
жағымды мектеп қоғамдастығын құру, инклюзивті құндылықтарды қабылдау
инклюзивті мәдениетті қалыптастырудың негізін құрайды.
Форумдар, арнайы семинарлар, жиналыстар, оның ішінде мүмкіндігі
шектеулі табысты адамдар (Серік Есматов, Шахан Жолдасбаев, Зульфия
Раухатовна — «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының кейіпкерлері, Пабло
Пинед, Ника Вуйчиче, Стивен Хокинг және т. б.) туралы таныстырылымдар
ұйымдастыру.
Инклюзивті мәдениет инклюзивті білім беруді тиімді жүзеге асырудың
маңызды факторы. Сонымен қатар инклюзивті мәдениетті құру мектептегі
теңдікті, қолжетімді ортаны қамтасыз етудің, ерекше білім беруді қажет ететін
балаларды құрметтеудің, оларға жағымды көзқарас қалыптастырудың,
әлеуметтендірудің негізі ретінде қарауымыз керек.
Білім беру ұйымдарында қауіпсіз білім беру ортасын, білім алушылардың
оң психо-эмоционалдық көңіл-күйін, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға,
мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алуға ерекше назар аудару қажет.
Суицидтік мінез-құлыққа әкелетін негізгі факторлар — оқшаулану сезімінен
туындаған жалғыздық, ата-аналарымен және туыстарымен жанжал.
2728
«Психологиялық қызметті және мектептегі татуласу қызметтерін
ұйымдастыру» жобасын іске асыру педагогтерге «Тәуекел тобындағы»
балаларды анықтауға және оларға уақытылы көмек көрсетуге көмектеседі.
Сондай-ақ 2020 жылы Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген «Әдепті
адам — әдемі адам» тақырыбындағы әдістемелік ұсынымды пайдалану
маңызды: балалар мен жасөспірімдер арасында бейәлеуметтік
құбылыстардың, нашақорлықтың, темекі шегудің және маскүнемдіктің алдын
алуды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымды қолдану маңызды.
https://www.nao.kz.).
«Bilim Foundation» қоғамдық қоры әзірлеген бейнематериалдар
педагогтар мен ата-аналарға әдістемелік көмек ретінде тегін ұсынылады
(сайттарға сілтеме:
https://zhastar.org/application/parentspage,
https://zhastar.org/application/ studentspage#1).
2) Рухани-адамгершілік тәрбие — адамгершілік келбеті, адамгершілік
сана; құндылық сезімдері мен қасиеттері — ізгілік, ар-ождан, намыс, парыз,
сенім, жауапкершілік, бауырмалдық, мейірімділік, адалдық, ынтымақтастық,
ұлтаралық келісім, толеранттылық сияқты құндылықтарды қалыптастырады.
Волонтерлік білім алушылардың адами әлеуетін ашуға, адамгершілікті
тәрбиелеуге және әлеуметтік тәжірибені дамытуға ықпал етеді. Волонтерлік —
бұл адалдық, әділдік, мейірімділік, жауапкершілік, достық, мейірімділік,
төзімділік және жасампаздық институты. Волонтерліктің кең таралған
түрлерінің бірі халықаралық практикадағы оқу процесінің маңызды құрамдас
бөлігі ретінде танылған «Ақылды волонтерлік» (Service-learning) жүйесі.
Орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын «Қоғамға қызмет»
әлеуметтік еріктілер жобасын — «Мектепке жол», «Қамқорлық», «Мектепке
жиналуға көмектес», «Адамға қуаныш сыйла» және т. б. акцияларды жүзеге
асыруға кеңінен қатыстыру қажет.
Орта білім беру ұйымдарында еріктілер қозғалысын ұйымдастыру туралы
толық ақпарат «Білім беру саласындағы еріктілік пен қайырымдылық және
олардың қазіргі жағдайдағы білім беру жүйесін жаңғыртудағы рөлі»
әдістемелік ұсынымдарында берілген. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, 2019 ж. (https://www.nao.kz).
Рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыруда қазақтың педагог-
ағартушысы, жазушы, фольклоршы, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Ыбырай
Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына; қазақтың халық ақыны Жамбыл
Жабаевтың 175 жылдығына; көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері
Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына; қазақ әдебиеттануы мен тіл білімінің
негізін салушы, ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам
қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына; Қазақ КСР Халық
әртісі, қазақтың белгілі музыкатанушысы, композитор, дирижёр, ақын Ахмет
Жұбановтың 115 жылдығына; қазақтың белгілі лирик ақыны, аудармашы
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған бұқаралық іс-шаралар өткізу
маңызды рөл атқарады.
Бұл іс-шараларды «Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары»,
«Адамзаттың ұлы ұстаздары», «Қазақстанның ұлы ойшылдары мен 29
философтары» атты әдеби кеш, «Сұлулық әлемді құтқарады» атты поэтикалық
кеш, «Жақыныңа жанашыр бол» атты әдеби-музыкалық композициялар,
«Махаббат — адам өмірінің негізі», «Мейірімділік — адамның асыл қасиеті» атты
рухани-адамгершілік
мазмұндағы тестілер мен сұхбаттар
түрінде
ұйымдастыруға болады.
Адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бір жолы — кітап
оқу. 2021-2022 оқу жылында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және
оны қолдау, кітап мәртебесін («Кітап оқу — сән») арттыру мақсатында білім
алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы барлық өңірде біртіндеп
енгізіледі.
Мектеп кітапханаларының қорын толықтыру үшін Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институты әзірлеген көркем әдебиеттер тізбесі ұсынылады. Бұл тізбе
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның www.nao.kz. сайтында орналастырылған.
Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік
әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен
оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық
зерттеулерге қатысуын жалғастыруды,
оқырмандар қауымдастығын
қалыптастыруды, іс-шараларға ата-аналарды қатыстыруды көздейді.
Мектеп сайтында үздік балалар әдебиеті мен мектеп әдебиетіне арналған
түрлі сервистер, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу үрдісін кеңейту
бойынша
ресурстар
(интернет-викториналар, сервистік
ұсынымдар,
кітапханалар туралы ақпарат және т. б.) ұсынылуы тиіс. Әрбір мектепте және
отбасында 20 минуттық кітап оқу ұйымдастырылады. Мектеп холдарында
үлкен үзілістерде кітап оқуды ұйымдастыру үшін «Буккроссинг» бұрыштарын
құру ұсынылады.
Кітаптарды электронды форматта, соның ішінде мобильді
құрылғылардың көмегімен оқу мүмкіндіктерін кеңейтетін, балаларға әдебиетті
таңдауда дұрыс бағдар алуына көмектесетін, кітап оқуға құмар балалар санын
арттыратын жаңа электронды ресурстарды пайдалануға болады.
Қоғамда мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында:
 «Отан оттан да ыстық», «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»,
«Білім — теңіз, мектеп — кеме», «Татулық — табылмас бақыт», «Еңбек — ердің
көркі» және т. б. назар аудартатын қазақ мақал-мәтелдері жазылған баннерлерді
мектеп ғимаратына орналастыру — дәстүрлі құндылықтарды санада нығайтуға,
визуалды әсер етуге көмектеседі.
 Мүмкіндігіне қарай мектептің таңдауы бойынша оқушылардың
жағымды көңіл-күйін қалыптастыру және психологиялық шиеленісті азайту
мақсатында фондық музыкалық әуендерді (классикалық, ұлттық музыка,
аспаптық шығармалар және т. б.) пайдалануға болады.
3) Ұлттық тәрбие аясында
жаңа оқу жылында білім алушылардың
бойына ұлттық құндылықтарды
дарыту мақсатында цифрлық дәуір
ерекшеліктерімен байланыстыра отырып «Дәстүр мен ғұрып» жобасы іске
асырылатын болады. 30
Әрбір халық өзінің төл мәдениетін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын салт-
дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сақтауы тиіс. Дәстүр жастарды тәрбиелеуде,
ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, ұлттық кодты сақтау қажет.
Бұл жағдайда қазақ халқының мәдени мұрасын, салт-дәстүрлерін, сондай-ақ
ұлттық тағамдарын т. б. зерделеу — өзекті міндеттердің бірі.
Оқушылар мемлекеттік тіл — қазақ тілін, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік атрибуттары: мемлекеттік рәміздерін білуі тиіс. Осы негізде
конкурстар мен олимпиадаларды тұрақты түрде өткізу; әрбір мектепте
мұражай ашу; көрнекті тұлғалармен, даңқты спортшылармен, ғалымдармен,
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының білім алушылармен
кездесулерін өткізу; сондай-ақ өңірдің тарихи-мәдени мұра объектілерінде
мектеп оқушылары үшін өлкетану бойынша тақырыптық сабақтар өткізу
өзектілігін жоғалтпайды.
Аталған бағыт шеңберінде: «Менің Отаным — Қазақстан» (балалар мен
жасөспірімдер туризмі мен өлкетануды дамыту, экспедициялар, саяхат,
экскурсиялар ұйымдастыру), «Тарих мұрасы», «Өз жеріңді таны» (өлкетанулық
білімі мен мектеп туризмін, тарихи-археологиялық қозғалысты жандандыру,
туған өлкенің тарихын, мәдениетін, дәстүрін терең зерттеу) «Табиғатым — тал
бесігім» (туған жерге жауапкершілікпен, аялап қарау)
жобаларын жүзеге
асыруды жалғастыру маңызды.
«Дәстүр мен ғұрып» жобасын іске асыру үшін
академия әзірлеген
«Қазақстанның киелі орындары — Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»
жобасы бойынша тәрбие жұмысының модельдері» әдістемелік ұсынымдары
әдістемелік нұсқаулық болады (https://www.nao.kz).
4) Мектептегі отбасылық тәрбиенің мақсаты келесі құндылықтарды
қалыптастыру: отбасы мүшелері арасындағы сыйласымдылық, үлкенді
құрметтеу,
ананы сыйлау, әкені қадір тұту, отбасы берекесі, отбасылық
дәстүрлер,
бауырмалдық, туысқандық, денсаулыққа қамқорлық, салт-дәстүр
сабақтастығы, сүйіспеншілік.
Отбасында, мектепте, қоғамдық ортада құндылықтар негізінде балаларды
тәрбиелеу — қазіргі уақыттың өзекті мәселесі. Отбасылық құндылықтар мен
ұлттық тәрбие мәселелері мектептердің тәрбие жұмысында, балалардың бос
уақытын ұйымдастыру аясында қосымша білім беруде, мәдени-бұқаралық іс-
шараларда, конкурстар мен сынып сағаттарында, ата-аналар жиналыстарында,
үйірме жұмыстарында, сондай-ақ еңбек тәрбиесінде, бірлесіп еңбек етуде
көрініс табуы тиіс.
Ата-аналар жиналыстарын дәстүрлі емес форматта өткізу: «Кәсіби
мамандарды шақыра отырып баспасөз конференциялары», «Ата-аналар
сенбіліктері», «Психологиялық тренинг», «Отбасын таныстыру», «Тәжірибе
алмасу» және т. б. ұсынылады.
Оқушылар «Ауылдағы 2 апта», «Ата-анамыздың жұмыс орнындағы
он күн» жобалары аясында өздерінің жан-жақты дамуы мен шығармашылық
әлеуетін жүзеге асыра алады (НЗМ тәжірибесі бойынша).
«Отбасы –мектеп» жобасы отбасының тәрбиелік әлеуетін, білім беру
ұйымдарында білім алушылардың ата-аналарымен қарым-қатынасын үйлестіру және отбасылық тәрбиені жақсарту үшін педагогтердің әлеуетін арттыруға
бағытталған.
Ата-аналарға арналған лекториялар, ата-аналар кештерін, Ашық есік
күндерін, тренингтер өткізу, «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі»,
«Ана мектебін» құру ұсынылады. Бұл мектептерді құрудың мақсаты — бала
тәрбиесіндегі отбасының рөлін арттыру.
Ата-аналардың, қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен
«Мектептегі бір күн» жобасын іске асыру ата-аналардың қажеттіліктерін,
сұраныстарын, отбасылық ерекшеліктері мен отбасылық тәрбиесі ескеріледі,
ата-аналарды мектептің, сыныптың, өз баласының істеріне жұмылдыруға, білім
беру процесінің барлық қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасауға
жәрдемдеседі.
Педагогикалық және ата-аналық консилиумдар шеңберінде ата-
аналармен, балалармен жеке әңгімелесулер өткізіледі, жеке балаға арналған
бағдарламалар жасалады, баланың үй жағдайымен танысу үшін отбасына бару,
отбасылық проблемалар мен балалар тәрбиесі бойынша кеңестер өткізу
қамтылады.
Отбасылық тәрбие әдістемесі инновациялық тәсілдерді, технологиялар
мен әдіс-тәсілдер жиынтығын, оның ішінде ата-аналардың баласымен бірге
туған өлкенің киелі орындарын (тарихи ескерткіштерді, кесенелерді,
мұражайларды, табиғи нысандарды) зерттеуді қамтиды. Киелі орындарға бару
отбасының ауызбіршілігі мен сыйластығын арттыруға ықпал етеді.
Отбасылық тәрбиеде ата-тегінің шежіресін құрастыру оқушыларға үлкен
тағылым. Баланың өз тегін, жеті атасын білуі, өзінің отбасылық шежіресін
құрастыруы — отбасылық жақсы дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығын
қалыптастырудың, әулеттегі татулықты нығайтудың, баланың текті болып
өсуінің кепілі. Сонымен қатар баланы отбасылық жәдігерлер мен тарихына,
фотосуреттерге, үй мұрағаттарына, ата-әжелеріне, марапаттарына құрметпен
қарауға тәрбиелеу маңызды.
Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік
ұсынымдар — орта білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде отбасылық
тәрбиені іске асыруға арналған нұсқаулық (https://www.nao.kz).
5) Білім алушылар бойында еңбек тәрбиесін, экономикалық және
экологиялық тәрбиені қалыптастыру. Еңбек тәрбиесі, экономикалық және
экологиялық тәрбие білім алушылар бойына шығармашылық еңбек, еңбек
мәдениеті, экономикалық сана, кәсіп, мансап, функционалдық сауаттылық,
туған табиғатқа деген сүйіспеншілік сынды құндылықтарды сіңіруге ықпал
етеді.
«Еңбек — елдің мұраты» жобасы шеңберінде өзінің кәсіби саласында
айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген табысты адамдардың өмірі мен қызметі
жайында таныстырылады, білім алушылар арасында кәсіптік бағдарлау
жұмысы жүргізіледі, еңбектің құндылығы жаңа деңгейге көтеріледі.
Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру
арқылы жүзеге асырылады: қолөнер көрмесі, мектеп маңайын және ауылын
31көгалдандыру мен абаттандыру, шеберлер турнирі, игі істер апталығы, көңілді
шеберлер қаласы, еріктілер актісі, қамқорлық көрсету аймағы, еңбек десанты
және тағы сол сияқты іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауында мамандық таңдауына
көмектесетін «Мамандық таңдау уақыты» бейне блогерлер байқауы, «Мен-
кәсіптер әлемінде» әдеби байқауы (эссе), «Мамандық: кеше, бүгін, ертең»
байқауы, «Мұндай мамандық бар» презентациялар конкурсы сияқты іс-шаралар
жүйесін өткізу ұсынылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер
Палатасының қолдауымен 9 негізгі сала: мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, көлік
және логистика, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар,
энергетика, туризм, тау-кен металлургия кешені және құрылыс бойынша іске
асырылатын «Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптер мен құзыреттердің
атласы» ұлттық жобасы әзірленді.
Жаңа мамандықтар атласы https://www.enbek.kz/atlas/ сайтында орналасқан.
Кәсіби бағдар беру жұмысын дұрыс ұйымдастыру мақсатында:
— Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2019 жылғы 15 сәуірдегі № 150 бұйрығымен бекітілген Қазақстан
Республикасының білім беру ұйымдарында білім алушылардың кәсіби бағдарын
анықтау және диагностикасын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды;
— орта мектептің 7-11-сынып оқушыларының кәсіби диагностикасын
жүргізу бойынша құралдарды пайдалану туралы әдістемелік ұсынымдарды;
— ЕБҚ балалардың мамандық таңдау кезінде отбасы, мектеп және
жұмысқа орналастыру органдарының өзара іс-қимылы бойынша әдістемелік
ұсыныстар (https://www.nao.kz).
«Үнем — қоғам қуаты» жобасының міндеті — ұқыптылық пен үнемділік,
мінез-құлық трендтерін қалыптастыру, прагматикалық дағдыларға, тайм-
менеджментке үйрету, қаржы және материалдық ресурстарды сақтау және
үнемді пайдалану дағдыларын қалыптастыру, сыни ойлауға үйрету.
Білім алушылардың экономикалық тәрбиесіне тақырыптық сынып
сағаттарын, экскурсияларды, пікірталастарды, рөлдік ойындарды және т. б.
өткізу оң ықпал етеді. Бұл ретте «Іскерлік қарым-қатынас этикасы» сынып
сағаттары, «Жарнама жасау өнері», «ХХІ ғасыр менеджері», «Көшбасшы нені
білуі керек?», «Кәсіпорындардағы қақтығыс жағдайларын шешу» рөлдік
ойындары, кәсіпорындарға экскурсиялар және т. б. қамтылуы тиіс.
Нәтижесінде білім алушылар тапқырлыққа, бастамашылдыққа; қоғамдық
игілікке, жеке табыс пен игілікке ұқыпты қарауға үйренеді.
32Білім беру ұйымдарында 1-11-сыныптар аралығында экология бойынша
сынып сағаттарын айына бір рет өткізу тәжірибесі өзекті болып қала береді.
«Ерте жастан экологиялық мәдениет» жобасы аясында тәрбиелік іс-
шаралар кешенін іске асыру экологиялық мәдениетті қалыптастыруға,
қоршаған әлемге ұқыпты қарауға ықпал етеді. Пәндік салалар арқылы білім
алушылар өсімдіктердің әр түрімен және декоративті өсімдіктерді көбейту
тәсілдерімен (биоалуантүрлілік); білім беру ұйымдарында және үйде энергия
тұтыну құрылымымен, оны үнемдеу тәсілдерімен (энергия үнемдеу); мектепте
және үйде суды үнемді пайдалану мүмкіндігімен (су үнемдеу); қалдықтардың
пайда болу көздері, оларды азайту тәсілдерін анықтау, қоқысты бөлек жинауды
енгізу (қалдықтармен жұмыс істеу) және т. б. танысады.
Сыныптан тыс жұмыстарда келесі ақпараттық-экологиялық, әлеуметтік
маңызы бар іс-шараларды: акцияларды, көрмелерді, мектеп пен оған іргелес
аумақты үздік көгалдандыруға арналған конкурстарды, экологиялық
бастамаларды, жергілікті халыққа экологиялық білім беруді жандандыру қажет.
Білім алушыларды экологиялық тәрбиелеудің ең тиімді жолдарының бірі
— жастардың экологиялық санасын қалыптастыру мақсатында жоспарлы түрде
экожұма, «Қоқыссыз әлем», «Біз табиғатты қорғаймыз» тақырыптарында
сынып сағаттарын өткізу. Бұдан басқа, эко-фестивальді, эко-квесттерді,
қоқыстан арт-объектілер құру бойынша мастер-класстарды ұйымдастыру,
экологияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми жобаларды қорғау, театрлық
қойылымдарды дайындау, шикізатты қайта өңдей отырып экоматериалдан
бұйымдар жасау ең үздік тәжірибелердің бірі болып есептеледі.
Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізін білім беру
ұйымдарының, ауданның, қаланың аумақтарын көгалдандыру және
абаттандыру бойынша сенбіліктер; «Жасыл ел» қозғалысы шеңберінде жасыл
желектер отырғызу, еріктілер қозғалысы, табиғи аймақтарды қоқыстан тазарту
құрайды.
6) Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие білім алушыларға
эстетикалық сананы; эстетикалық талғамды қалыптастыруға көмектеседі.
Мектептегі көп мәдениетті тәрбие басқа мәдениеттердің, ұлттардың,
діни сенім және т. б. өкілдеріне толерантты көзқарасты қалыптастыруға
бағытталуы керек. Осы бағытты іске асырудың негізгі тетіктері — Қазақстан
халқы Ассамблеясымен және этномәдени орталықтармен ынтымақтастық;
балалар мен жастар жұмыстарының көрмесін ұйымдастыру, халықтар достығы
фестивальдері, тілдік және шығармашылық клубтар, конкурстар; танымал
адамдармен, өнер қайраткерлерімен кездесулер. Жыл сайын тәрбие
жұмысының жоспарына білім алушыларды көп мәдениетті тәрбиелеу жөніндегі
іс-шараларды (толеранттылық сабақтары, Әлем күніне арналған акциялар,
Халықаралық бейбітшілік күніне арналған бірыңғай ақпараттандыру сағаты
және т. б.) енгізу ұсынылады.
33Көркем-эстетикалық тәрбие саласында отандық мәдени жетістіктерді —
кітаптарды, пьесаларды, мүсіндерді, картиналарды, музыкалық шығармаларды,
Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің үздік
үлгілерін — ертегілерді, аңыздарды, эпостарды, аңыздарды оқыту және ілгері
дамыту ұсынылады. Сонымен қатар тұрақты жұмыс істейтін тақырыптық кітап
көрмелерін өткізу маңызды. Өскелең ұрпақты театр өнері әлеміне тарту
мақсатында әр мектепте «Балалар және театр» ағартушылық жобасын жүзеге
асыру маңызды (https://www.ziyatker.org/detyteatr).
7) Зияткерлік тәрбие білім құндылығын; зияткерлік ұстанымды; әрбір
тұлғаның көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығын; ал ақпараттық
мәдениетті тәрбиелеу кибермәдениет мен кибергигиенаны қалыптастырады.
Зияткерлік тәрбие лингвистикалық, музыкалық, логикалық-
математикалық, кеңістіктік, дене-кинестетикалық, тұлғааралық, тұлға ішіндегі
зияткерлікті дамытуға бағытталуы керек.
Білім алушылардың бойында эмоционалды зияткерлікті қалыптастыру
бойынша әдістемелік нұсқаулық ретінде «Денсаулық пен өмірлік дағдыларды
қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын
алу» бағдарламасы аясында педагогтерге арнап әзірленген әдістемелік құрал
ұсынылады (3 модуль. Эмоционалды интеллект және тұлғааралық қарым-
қатынас) «Bilim Foundation», 2017.
«Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың дебаттық қозғалысы»
жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру білім алушылардың
командада жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға, қарама-қарсы пікірге
құрметпен қарауға, өз көзқарастары мен пікірлерін белсенді қорғауға үйретуге
мүмкіндік береді. Пікірсайыс қозғалысының мақсаты-қоғамда орын алған
проблемаларды жария талқылау және талдау арқылы білім алушылардың
әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру.
Пікірсайыс қозғалысының міндеттері: білім алушылардың құқықтық
мәдениетін, азаматтық белсенділігін, жауапкершілігін, шығармашылық және
сыни ойлау, даулы жағдайларды дипломатиялық жолмен шешу қабілетін
қалыптастыру; мәдени-танымдық және ағартушылық қызметтің инновациялық
модельдері мен технологияларын пайдалана отырып, еліміздің әрбір өңірінде
әрбір білім беру ұйымында, клубтарда пікірсайыс орталықтарын құру.
Пікірсайыс қозғалысына қатысушылар ашықтық, жүйелілік, еріктілік,
ізгілендіру, қолжетімділік, адалдық және әріптестерді құрметтеу қағидаттарын
басшылыққа алады.
«Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы»
жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының тұжырымдамасы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша
білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК сайтында орналасқан.
https://www.ziyatker.org/debatnoedvizheny).
Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі өзекті болып қалуда. Әлеуметтік
сауалнаманың (Қазақстан Республикасы балаларының 2019 жылғы жағдайы
туралы баяндама) деректері бойынша балалардың 70%-дан астамы интернетті
34пайдаланады, ұялы телефондары мен компьютерлері бар, сол арқылы кибер-
буллинг, электрондық кеңістіктегі алаяқтыққа осалдық танытады. Сауалнамаға
қатысқандардың жалпы санының 6%-ы әлеуметтік желілерде виртуалды зорлық
— зомбылық, 8,5%-ы дінді насихаттау, 5%-ы суицидті насихаттау жағдайларына
тап болды. Алайда сауалнамаға қатысқан балалардың 86%-ы әлеуметтік
желілерде танысуға оң көзқараспен қарайды. Ата-аналардың өз балаларының
интернет-тәуелділігі қаупін бақыламайтыны және бейхабарлығы жағдайды
ушықтырады. Орташа алғанда, ата-аналардың шамамен 36%-ы сауалнама
аясында интернет-кеңістікте балаларды қудалау мен бопсалаудың әртүрлі
түрлері бар екенін естіді.
Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мақсатында білім алушыларға
интернет-кеңістіктегі мінез-құлық мәдениеті: қарым-қатынас мәдениетіне, өз
ойын білдіруге, әңгімелесушінің пікірін құрметтеуге, этикалық нормаларды
сақтауға дағдыландыру маңызды. Отбасы мен мектептің ынтымақтастықтағы
қызметі «Балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін
ақпараттан қорғау туралы» ҚР 2018 жылғы 2 шілдедегі № 169-VI Заңы
аясында зорлық-зомбылықты, суицидті насихаттайтын интернет желісіндегі
белгілі бір сайттарға балалардың қол жеткізуін бақылауды қамтамасыз етуге
бағытталуы тиіс.
Жалпы білім беру ұйымдарының тәрбие жұмыстарының жоспарына
кибермәдениет және кибергигиена, оның ішінде білім алушылардың кибер
қауіпсіздігі мен ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды қосу қажет.
Мектеп қабырғасынан бастап, халықаралық тәжірибені ескере отырып,
балаларды киберқауіпсіздікке оқыту керек, онда олар хакерлердің желілік
шабуылдарынан қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дағдыларды
үйренеді. Киберқауіпсіздік, кибергигиена, кибермәдениет мәселелері бойынша
мектепте оқыту семинарларын ұйымдастыру үшін материалдарды келесі
сайттардан табуға болады:
1.https://cybersecuritymonth.eu/press-campaign-toolbox/ecsm
material/cybersecurity-spaces-workshops-on-cybersecurity-for-high-school-students
(бұл сайтта «Ресурстар» бөлімінде пайдалы болатын құжаттар бар);
2.https://www.mcafee.com/blogs/consumer/importance-cybersecurity-lessons
schools/;
3.https://eu-acerforeducation.acer.com/education-trends/cybersecurity-how-to
teach-students-to-use-internet-responsibly/;
4.https://www.youtube.com/watch?v=ULGILG-ZhO0 (ағылшын тіліндегі
бейнелер барлық негізгі қағидаларды түсіндіреді);
5.https://www.edb.gov.hk/en/edu-system/primary-secondary/applicable-to
primary-secondary/it-in-edu/information-security.html (Гонг Конгта мектеп
оқушыларына арналған Киберқауіпсіздік бойынша PDF файлдары бар).
8) Дене тәрбиесі салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен
спорттың, дене бітімін жетілдірудің құндылығын, өз денсаулығына
жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастырады.
Орта білім беру ұйымдарында бұқаралық спорт түрлері (футбол,
волейбол, баскетбол, гандбол, футзал, ұлттық спорт түрлері: асық ату,
3536
тоғызқұмалақ, қазақ күресі) бойынша мектептік спорт лигалар желісі мен
спорт секцияларын кеңейту маңызды. Ұлттық және бұқаралық спорт түрлері
бойынша ұлттық спорт лигаларын, қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша
оқушылар спартакиадасын дамыту қажет.
«Дене шынықтыру» пәнінің әрбір мұғалімі қосымша ақы есебінен үш
спорттық секция жүргізеді.
Дене тәрбиесі міндеттерінің бірі — білім алушыларды республикалық
көпдеңгейлі балалар-жасөспірімдер турнирлері мен жарыстарына, халықаралық
жарыстарға (қысқы және жазғы Дүниежүзілік Гимназиада) қатысуға
белсенділіктері мен мүмкіндіктерін арттыру.
Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, нашақорлықтың,
маскүнемдіктің, темекі шегудің, АИТ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты
өмір салтының негіздері бойынша семинар-тренингтер өткізу тәрбие
жұмысының ажырамас бөлігі.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды өткізу үшін бұқаралық спорт түрлері
(футбол, волейбол, баскетбол және т. б.) бойынша мектеп спорт лигасын
ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
әдістемелік базасы
(https://www.nao.kz).
Тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жоспарлаудың өзекті нысанын —
ортақ мақсатпен, оларды орындау уақытымен біріктірілген өзара байланысты
жобаларды қамтитын мегажобаны пайдалану ұсынылады.
Жобалар шеңберіндегі іс-шаралардың сәтті шарттарының бірі — сынып
жетекшісінің барлық жүзеге асырылатын шаралардың маңыздылығын түсінуі,
тәрбие беру процесі шеңберіндегі іс-әрекеттің өзін-өзі талдай алуы.
Тәрбие жұмысының нәтижелерін бағалау кезінде үш деңгейді ескеру
қажет.
Бірінші деңгей — оқушының әлеуметтік білім алуы мен күнделікті өмірде
әлеуметтік шынайылықты түсінуі.
Екінші деңгей — оқушының өмірлік тәжірибе мен қоғамның негізгі
құндылықтарына (адам, отбасы, Отан, табиғат, әлем, білім, еңбек, мәдениет)
оң көзқарасы, жалпы әлеуметтік шынайылықты құндылық ретінде қабылдауы.
Үшінші деңгей — оқушының әлеуметтік іс-әрекет тәжірибесіне өз бетінше
ие болуы. Критерийлер: «Тәрбиелік іс-шара: қойылған мақсаттарға қол жеткізу
деңгейін өлшеу критерийлері (бәсекеге қабілеттілік; прагматизм; ұлттық
бірегейлікті сақтау; білімге табыну; Қазақстанның революциялық емес,
эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы) әдістемелік ұсынымдарда
сипатталған (Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018. —
120 б.).
Білім беру ұйымдарында:
1) білім алушылар педагогке аты-жөнін (есімі, әкесінің аты) немесе
«Мұғалім» деп айтады;
2) педагог білім алушылардың есімін айтуы тиіс;
3) сабақтың басталуы мен аяқталуы туралы хабардар болу үшін
мектептерге дәстүрлі қоңырау үнін таңдау немесе Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы ұсынымдарына сәйкес, музыкалық әуендерді37
пайдалану ұсынылады: сабақтың басталуына — «төкпе күй», сабақтың
аяқталуына — «шертпе күй».
4) мектептер мен кабинеттерді безендіру кезінде сәйкес келмейтін
атрибуттарды шамадан тыс қолданбау ұсынылады.
Мектеп пен ата-аналардың өзара қарым-қатынасында балалардың
мүддесі үшін өзара ынтымақтастық орнатуы тиіс. Осы мақсатта «Ата-
аналардың қонақ бөлмесі», «Директорлық сенбі», «Педагогикалық консилимум»
жобаларын жүзеге асыру ұсынылады.
Білім беру ұйымының басшысы кіреберісте сабақ басталар алдында
тәрбиеленушілер мен білім алушыларды қарсы алады.
Прагматизмді, үнемділікті және әртүрлі ресурстарды ұтымды
пайдалануды ескере отырып, мектептерде бұқаралық мәдени іс-шараларды
ұйымдастыру ұсынылады. Бұл тұрғыда «Алғашқы қоңырау», «Соңғы қоңырау»,
«Бітірушілер кеші», «Жаңа жыл», «Наурыз», «Тұңғыш Президент күні» сияқты
мектептік бұқаралық мәдени іс-шараларды білім алушылар мен педагогтердің
белсенді (қаржылық емес) қатысуымен қарапайым, бірақ салтанатты түрде
ұйымдастыру ұсынылады.
Мектеп әкімшілігі, Қамқоршылық кеңес кабинеттерге мектептің дамуына
үлес қосқан қоғам қайраткерінің, меценаттың есімін беру туралы шешім
қабылдай алады. Мысалы, меценат мектеп кабинетін жабдықтап, компьютер,
жиһаз сатып алып, жөндеу жұмыстарына қаржы бөліп, мектепті оқу-әдістемелік
ресурстармен қамтамасыз етті дейік. Мұндай жағдайларда педагогикалық
кеңестің шешімімен меценаттың есімі жазылған тақта кабинетке орнатылуы
мүмкін.
Зияткерлік конкурстар мен олимпиадалар, білім алушылардың
шығармашылық конкурстары мен спорттық жарыстары, педагогтердің кәсіби
конкурстары ҚР БҒМ 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен
бекітілген тізбеге сәйкес (2021 жылғы 25 мамырдағы № 232 өзгерістермен)
және жергілікті атқарушы органдардың қаулылары мен білім беру
басқармаларының бұйрықтары негізінде тегін өткізіледі. Білім беру
ұйымдарының, педагогтердің, білім алушылардың оқу, кәсіби жетістіктерін
бағалау кезінде осы ресми конкурстардың, жарыстардың нәтижелерін ескеру
ұсынылады.
Карантиндік және шектеу іс-шаралары жағдайында балалардың
қатысуымен өткізілетін мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық іс-
шаралар тоқтатылады.
Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу
бойынша барлық әдістемелік материалдар мына сайттарда орналастырылған:
https://www.nao.kz («Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік
құралдар»), https://iite.unesco.org/ru/ («Жарияланымдар» бөлімі).38
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Тоқжайлау ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, 150а үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Токжайлау, ул. Богенбай батыра, дом 150а
©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Тоқжайлау орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru