"25 қазан - Республика күні" » Тоқжайлау орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тоқжайлау орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
октябрь
2023

"25 қазан - Республика күні"

Республика күні «Қазақстан туған жерім-туған елім»

Салтанатты жиын сценариі


Өтетін күні. 24.10.2023жыл

Өтетін уақыты. 10:00

Өтетін орны : Спорт зал

Фанфар орындалады.

Жүргізушілер шығады:

1 жүргізуші Ж.Ш.Шибинтаева 

2 жүргізуші Н.Аршын


1-жүргізуші:

Рухынан жақсылардың нұр саулаған,

Жанымды мейрімі құр саулаған.

Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,

Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!


2-жүргізуші:

Жарқырап жанған күндей азаттығы

Көрінер ұлтымның да ғажаптығы

Республика күнімен құттықтаймын

Өйткені ол-Ұлт күні, Қазақ күні!


1-жүргізуші:

Қайырлы күн, кұрметтi ұстаздар мен білім алушылар! Бүгінгі келіп жеткен Республика күні құтты болсын! 


Ш.Нұртөре бұйрық береді  (Ту кіргізіледі)


2-жүргізуші:

Егемен елім десем, сенім кіріп,

Бойымды билеп кетер сенімділік.

Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,

Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.

Дей келе бүгінгі «Қазақстан туған жерім-туған елім» атты салтанатты жиын ашық деп жарияланады!


ГИМН


1-жүргізуші:

1990 жылдың 25 қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды.Декларация Қазақстанда тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достастығын нығайтуды 1 дәрежелі міндет деп белгіледі.Бұл күн- ұлттық мереке Республика күні .


2-жүргізуші: 

 Рухынан жақсылардың нұр саулаған,

Жанымды мейрімі құр саулаған.

Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,

Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!

Дей келе мектебіміздің директоры Мустапова Роза Құрманғалиевнаға  сөз кезегін береміз.


1-жүргізуші: 

Жақсылар жанын қыйды қасіретпен

Алаштың ерлері бар асыл өткен

Арманым болмас еді-ау туған елім,

Гүл жайнап, Қазақ болып тасып өтсем.


Ән; Жарылқасын Нұржанның орындауында  «Батырлар ұраны» 

2-жүргізуші:

(Мектеп білім алушылардың тақпақтары)

  1. Зере 5 а сынып
  2. Минаев Саша 5в
  3. Анель   6б сынып
  4. Томирис 6а
  5. Ержан 5а

1-жүргізуші:

Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болсада шалқыйтындай реті бар.Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәуелсіздіке қол жеткізгелі бері еліміз талай-талай асқарлы асуларды бағындырды. Өтпелі кезең ауыртпалықтарын бастан өткізіп оңай тимеген экономикалық саяси реформалар жүзеге асырылды.

Флешмоб  9А сынып білім алушылары


2-жүргізуші:

Келмесеңде жасқа дағы кемелді

Еткен еңбек көпшілікке еленді.

Тек өзгелер қызығумен қарайды,

Бәйге сыңда шаң қаптырдың талайды деп (Марапаттау)


1-жүргізуші:

Қазақстан-туған Отан алтын бақ, Қазақстан – мейірлі ана, дос қымбат.

Қазақстан – бізді туған Ұлы Отан,Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.

Қазақстан – көпті көрген қария, Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік!

Осымен бүгінгі салтанатты жиын жабық деп жарияланады!

ГИМН


(Ту шығарылады)


2- жүргізуші:

Байтақ дала жерім менің 

Арта берсін даңқың сенің

Көк байрағың желбіресін

Егеменді елм менің – дей отырып , құрметті ұстаздар мен білім алушылар бүгінгі салтанатты жиынымыз аяқталды , сау болыңыздар.












































Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Тоқжайлау ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, 150а үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Токжайлау, ул. Богенбай батыра, дом 150а
©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Тоқжайлау орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru