Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері - Тоқжайлау орта мектебі https://dzerzhinsky-alakol.mektebi.kz/ ru Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері - Тоқжайлау орта мектебі DataLife Engine Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері https://dzerzhinsky-alakol.mektebi.kz/psiholog-bryshy/mektep-psihologyny-ytary-men-mndetter/320-mektep-psihologyny-ytary-men-mndetter.html https://dzerzhinsky-alakol.mektebi.kz/psiholog-bryshy/mektep-psihologyny-ytary-men-mndetter/320-mektep-psihologyny-ytary-men-mndetter.html ]]> Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері

Мақсаттары: оқушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау, орта білім беру ұйымында қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат қалыптастыру және білім алу барысына қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Міндеттері: 1) оқушылардың, тәрбиеленушілердің тұлғалық және зияткерлік жағынан жетілуіне септесу, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру; 

2) оқушыларға, тәрбиеленушілерге жылдам дамып келе жатқан ақпараттық қоғамда ойдағыдай әлеуметтену барысында психологиялық көмек көрсету; 

3) әр оқушыға, тәрбиеленушіге олардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде дербес әдістеме қолдануға септесу; 

4) оқушыларға, тәрбиеленушілерге психологиялық диагностика жүргізу және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту; 

5) оқушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық қиындықтарын және мәселелерін шешу бойынша психотүзеу жұмысын жүргізу; 

6) ата-аналарға (заңды өкілдерге) және педагогтарға психологиялық мәселелерді шешуде және оңтайлы оқытутәрбиелеу жұмысының әдістерін таңдауда сабағаттық көмек көрсету; 

7) білім алу барысына қатысушылардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін арттыру.охожие публика16 март 2022Мектеп психологының жылдық жұмыс жоспары

]]>
admin Thu, 01 Sep 2022 13:58:21 +0600